10.09.2018, 20:48 3783

Елорданыӊ мемлекеттік қызметкерлері арасында үздік және спорттық отбасы атағы үшін "Мемлекеттіӊ тірегі - отбасы" спартакиада өтті

Ир отбасы 6 спорт түрінен сынға түсті: қаппен жүгіру, қақпаға доп лақтыру, қаппен секіру, арқан тарту және т.б.

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу қарсаӊында (9 қыркүйек) Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Астана қаласы бойынша департаменті Астана қалалық Кәсіподақ орталығымен бірлесіп, елорданыӊ мемлекеттік қызметкерлері арасында үздік және спорттық отбасы атағы үшін "Мемлекеттіӊ тірегі - отбасы" спартакиадасын өткізді.

Спорттық жарыстыӊ салтанатты ашылуында астаналық департамент басшысы Жазира Жылқышиева қатысқан отбасыларына сәттілік тіледі және мемлекеттік қызметшілер үшін салауатты өмір салтыныӊ маӊыздылығын атап өтті.

"Салауатты өмір салты - үйлесімді және бақытты өмірге сенімді жол, ал ұлт денсаулығы - кез келген мемлекеттіӊ маӊызды құндылығы", - деді ол.

Эстафетаға 10 команда қатысты, оныӊ ішінде елорданыӊ Сарыарқа ауданы әкімініӊ аппараты, Көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, ІІД, Иділет басқармасы және басқалар.

Ир отбасы 6 спорт түрінен сынға түсті: қаппен жүгіру, қақпаға доп лақтыру, қаппен секіру, арқан тарту және т.б.

Қазылар алқасыныӊ құрамына - мәслихат депутаттары М. Шекенов пен И. Маӊжанова, Астана қаласыныӊ кәсіподақ орталығыныӊ төрағасы Т.Есентаев қатысты.

І орынды Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментініӊ атынан қатысқан Палевичтер отбасы,

ІІ орынды Қоғамдық денсаулық сақтау департаментініӊ Есіл ауданы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау басқармасыныӊ атынан қатысқан Баймұхамбетовтер отбасы иеленсе,

ІІІ орынды Астана қаласы Иділет департаментінен қатысқан Иманбаевтар отбасы қанжығасына байлады.

Қазылар алқасыныӊ мүшелері дене даярлығын, отбасылық бірлікті және қатысатын командалардыӊ мақсаттылығын атап өтті.

Жүлдегерлер медальдармен, кубоктармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Мемлекеттiк қызметшiлердiӊ салауатты өмiр салтын насихаттауы еӊ басты басымдықтардыӊ бiрiне айналуын атап өткен жөн. Мемлекет басшысыныӊ жыл сайынғы Жолдауында адамға, оныӊ біліміне, оныӊ әлеуетін дамытуға басты назар аударылады. Бірақ мұныӊ барлығы денсаулыққа қамқорлық жасамай, мүмкін емес.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны