04.07.2016, 13:14 3993

Елорданыӊ миллионыншы тұрғыны дүниеге келді

Бүгін түнде Астананыӊ миллионыншы тұрғыны дүние есігін ашты. Сағат 01:00 №1 перинаталды орталықта қыз туды. Ол ата-анасыныӊ тұӊғышы. Анасы - №9 "Нұршашу" балабақшасыныӊ тәрбиешісі Арайлым Мұхамедьяр (1994 ж.т.), әкесі - "Астана-РЭК" маманы Олжас Мұхамедьяр (1992 ж.т.)

Астана. 4 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін түнде Астананыӊ миллионыншы тұрғыны дүние есігін ашты. Сағат 01:00 №1 перинаталды орталықта қыз туды. Ол ата-анасыныӊ тұӊғышы. Анасы - №9 "Нұршашу" балабақшасыныӊ тәрбиешісі Арайлым Мұхамедьяр (1994 ж.т.), әкесі - "Астана-РЭК" маманы Олжас Мұхамедьяр (1992 ж.т.), деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қала әкімі Исет Исекешев ерлі-зайыптыларды құттықтап, пәтер кілтін табыстады. Жас отбасы ата-анасымен тұрады, сондықтан бұл олар үшін нағыз тосын сый болд, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

"Бүгін мен үшін қос мереке - әкемніӊ туған күні және қызым дүние есігін ашып отыр. Оныӊ үстіне, пәтер кілтін табыстады. Мемлекет басшысына алғыс айтамын, жасалған жағдайлардыӊ арқасында сап-сау қыз тудық. Ай сайын, жыл сайын халқымыздыӊ саны арта берсін деп тілеймін. Ике мен ана болу бақытын әркімніӊ басына берсін", - дейді қызыныӊ есімін Саида деп қойған бақытты әке.

18 жылда ерлордада бала туу көрсеткіші екі есеге өсті, ана мен сәби өлімі 5 еседен артық төмендеген. Бұған Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ мемлекеттік денсаулық жүйесіне баса назар аударуыныӊ арқасында қолжеткізілді. Күн сайын елордада 75-80 бала туады. Өткен жылы Астанада 26110 нәресте, ал үстіміздегі жылдыӊ бірінші жартыжылдығында 13740 сәби дүниеге келген. Қаладағы перинаталды орталықтардыӊ барлығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ бағдарламасы бойынша қауіпсіз ана қағидаты бойынша жұмыс істейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны