31.08.2006, 14:01 6618

Елордасында "Илем жұлдыздары Астанада" атты халықаралық фестиваль өтеді

АСТАНА. 31-тамыз. Kazakhstan Today. Елордасында қыркүйектің 1 мен 5 аралығында "Илем жұлдыздары Астанада" атты халықаралық фестиваль өтеді. Бұл туралы еліміздің мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Арыстанбек Илиев баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Фестиваль Бейбітшілік пен келісім сарайының 1-қыркүйекке белгіленген ашылу салтанатына орайластырылған",- деді А.Илиев.

"Бейбітшілік пен келісім сарайында басқа залдармен бірге 1500 орынға есептелген салтанатты опера залы бар",- деді ол.

А.Илиевтің айтуынша, "Бейбітшілік пен келісім сарайындағы опера залын әлемдік жұлдыз Монсеррат Кабалье ашады". Сонымен бірге бұл залда Анастасия Волочкова, Евгений Иванченко, Марк Перетокин сынды әлемдік балет жұлдыздары, ведущие солисты оперных театров Италияның опералық театрларының жетекші жеке орындаушылары - Роберто Аланья, Валерия Эспозито, Стефано Антонуччи сынды танымал әртістер мен АҚШ-тың джаз өнерінің жұлдыздары бес күн бойы өнер көрсетеді. Концертке еліміздің танымал опера жұлдыздары да атсалысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны