24.03.2019, 18:34 5269

Елордасында жергілікті жедел-алдын алу шаралары барысында ата-аналар жауапкершілікке тартылды

Түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және үйлерінен тыс жерде заңды өкілдерінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп, олардың ата-аналарына және осындай мекемелердің иелеріне әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.

Нұр-Сұлтан. 24 наурыз. Kazakhstan Today - Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында 14-16 наурызы аралығында Елордасында жергілікті жедел-алдын алу шаралары жүргізілді. Осы шаралар кәмелетке толмағандарға алкогольді ішімдік пен темекі өнімдерін заңсыз сату фактілерін анықтауға бағытталды. Түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және үйлерінен тыс жерде заңды өкілдерінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп, олардың ата-аналарына және осындай мекемелердің иелеріне әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.

Аталған іс-шаралар нәтижесінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйлерінен тыс жерде заңды өкілдерінсіз жүргені үшін 16 ата-ана (ҚР ӘҚБК 442-бабы бойынша), ата-аналардың немесе заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін 1 ата-ана (ҚР ӘҚБК 127-бабы бойынша), он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекі өнімдерін сатқаны үшін 7 дүкеннің иесі (ҚР ӘҚБК 133-бабының 1-бөлігі бойынша), алкогольді өнімдерді жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБК 200-бабы бойынша) - 3, кәмелетке толмағандармен жасалған бұзақылық үшін (ҚР ІҚБК 434, 435-баптары бойынша) - 6 әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны