24.03.2019, 22:18 12223

Елордасының Жергілікті полиция қызметі басқармасы ата-аналарға балаларының қауіпсіздігі туралы ескертеді

Елордасының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы жылы мезгілдің басталуы мен терезелерді ашу маусымына байланысты ата-аналарға балаларының қауіпсіздігі туралы ескертеді

Нұр-Сұлтан. 24 наурыз. Kazakhstan Today - Елордасының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы жылы мезгілдің басталуы мен терезелерді ашу маусымына байланысты ата-аналарға балаларының қауіпсіздігі туралы ескертеді.

Көптеген жазатайым оқиғалар ересектер болмаған кезде немесе баланың қауіпсіздігіне немқұрайды қараумен байланысты болады. Терезеден құлау - балалардың жарақаттануының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Көптеген жазатайым жағдайларда терезеден құлау москит торларымен байланысты. Өткен жылы Астанада балалардың үй терезесінен құлауы бойынша 30-ға жуық оқиға шықты.

Полиция департаменті кәмелет жасына толмаған балалардың ата-аналарына келесі кеңестерді ұсынады:

oҚұлау жағдайларының көпшілігі ата-аналар балаларды қараусыз қалдырғанда орын алады. Кішкентай балаларыңызды жалғыз қалдырмаңыз;

oБалаңыз терезе алдына өз бетімен көтеріле алмайтындай жиһаздың барлық түрлерін терезенің жанынан алып тастаңыз;

oБалаңыз терезені өз бетімен аша алмайтындай, арнайы бекіткіштерді терезелерге орнатыңыз. Есіңізде болсын! Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау - ересектердің басты міндеті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны