14.07.2016, 19:34 3683

Елжан Біртанов Алматы қаласыныӊ медициналық қызметкерлеріне медициналық сақтандыруды енгізу мәселелерін түсіндірді

Шараға Алматыдағы 75 мемлекеттік және 28 жеке медициналық ұйымдардыӊ бас дәрігерлері, денсаулық сақтау басқармасыныӊ жетекшісі Валихан Ахметов, Алматы қалалық ҚР ДСИДМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті департаментініӊ басшысы Тлеухан Ибілдаев қатысты.

Астана. 14 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Елжан Біртанов Алматы қаласына жұмыс сапары барысында қаланыӊ медициналық қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай - МИМС) жүйесініӊ негізгі қағидаларын түсіндіріп, дәрігерлердіӊ барлық сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шараға Алматыдағы 75 мемлекеттік және 28 жеке медициналық ұйымдардыӊ бас дәрігерлері, денсаулық сақтау басқармасыныӊ жетекшісі Валихан Ахметов, Алматы қалалық ҚР ДСИДМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті департаментініӊ басшысы Тлеухан Ибілдаев қатысты.

Медициналық қызметкерлер алдында сөз сөйлеген Елжан Біртанов МИМС-ті енгізу - дамыған елдер тәжірибесі бойынша ҚР денсаулық сақтау саласыныӊ қаржылық тұрақтылығы жүйесін, медициналық көмектіӊ қолжетімділігін арттырып, амбулаторлық-дәрілік қамсыздандыруды ұлғайтуға бағытталатынын, сонымен бірге, мемлекет пен азаматтардыӊ денсаулық сақтау саласындағы теӊ дәрежедегі жауапкершілігін қамтамасыз ететінін атап айтты. Сондай-ақ, МИМС жаӊа технологияларды енгізуге ықпал етіп, медициналық қызметтерді ұсынушылар арасындағы бәсекелестікті арттыру есебінен медициналық қызметтіӊ сапасын көтеруге, медициналық қызметкерлердіӊ кәсіби деӊгейі мен жалақысын арттыруға көмектеседі.

Шара барысында аурухана, емхана, медициналық орталықтардыӊ бас дәрігерлері МИМС-ті енгізу бойынша барлық мәселелер жөнінде толық ақпарат алды.

Жуырда медициналық ұйымдардыӊ басшылары МИМС жүйесініӊ қағидалары туралы өз қызметкерлеріне айтып береді. Жалпы алғанда, 16 мыӊ 661 медициналық қызметкерлер, оныӊ ішінде 5,5 мыӊ дәрігер, 11,1 мыӊ орта медициналық қызметкер оқумен қамтылатын болады.

Естеріӊізге сала кетейік, Қазақстанда үздік халықаралық тәжірибені есепке ала отырып мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамныӊ ынтымақты жауапкершілігініӊ негізінде әзірленген медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстары басталады. Сонымен қатар, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер - жалдамалы жұмысшылар үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады.

Мемлекет азаматтарды тегін медициналық көмектіӊ кепілдік берілген көлемімен (әрі қарай - ТМККК) әрі қарай қамсыздандыруын жалғастырады. Олардыӊ қатарына әлеуметтік мәні бар аурулар, шұғыл жағдайлар, жедел медициналық көмек, санитарлық авиация мен вакциналау кіреді.

Азаматтардыӊ денсаулығын қорғаудыӊ жалпыға бірдей құқығын қамтамасыз ету мақсатында сақтандырылмаған азаматтарға 2020 жылға дейін ТМККК аясында амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады.

МИМС аясында сақтандырылған азаматтарға жоғарғы технологиялық медициналық қызметтер, стационарды алмастыратын технологиялар, ұзақ мерзімді мейіргерлік күтім, амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады.

Сонымен қатар, егер азаматтар ерікті сақтандыруға қатысатын болса, МИМС жүйесінде қарастырылмаған медициналық көмек ала алады. Ол жеке сақтандыру компанияларымен бекітілген келісім шарт негізіне жүзеге асырылады.

Қолданыстағы заӊнама бойынша 2017 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап жұмыс берушілер, өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, ал 2017 жылдыӊ 1 шілдесінен бастап мемлекет Илеуметтік медициналық сақтандыру қорына (әрі қарай - ИМСҚ) жарна төлеуді бастайды,

Ерекше санаттағы азаматтар үшін мемлекет төлейтін жарнаныӊ мөлшерлемесі орташа айлық еӊбекақыныӊ 7% құрайды. Сонымен қатар мөлшерлеменіӊ көлемі 2017 жылы 4%, 2018 жылдан бастап 5%-ға, 2023 жылдан 6%-ға, 2024 жылдан 7%-ға сатылай өсетін болады.

Жұмыс берушілер жарнасы мөлшерлемесініӊ жалпы көлемі кірістіӊ 5%-ын құрайтын болады. Аударым 2017 жылы 2%-ды, 2018 жылы 3%-ды, 2019 жылы 4%-ды, 2020 жылы 5%-ды құрайтын болады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарнасыныӊ мөлшерлемесі (жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар) олардыӊ кірісініӊ 7% құрайтын болады. Ол 2017 жылы 2%, 2018 жылы 3%, 2019 жылы 5%, 2020 жылдан бастап 7% болады.

Жалдамалы жұмысшылар жарнаны 2019 жылдан бастап 1%, 2020 жылдан 2%-дық мөлшерде төлейтін болады.

Илеуметтік медициналық сақтандыру Қоры (әрі қарай - ИМСҚ) жарнасын төлеуден азаматтардыӊ 15 санаты босатылады, оныӊ ішінде 12-сі - халықтыӊ әлеуметтік тұрғыдан осал тобы, сонымен қатар, әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарыныӊ жұмыскерлері.

Халықтыӊ әлеуметтік тұрғыдан осал тобына:

- балалар;

- "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлері, бұрын "Батыр Ана" атағын алғандар, сонымен қатар I және II дәрежелі "Аналық даӊқ" орденімен марапатталған көп балалы аналар;

- ҰОС ардагерлері мен мүгедектері;

- мүгедектер;

- жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;

- интернат мекемелерінде оқытылып, тәрбиеленіп жатқан тұлғалар;

- техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғарғы білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімдерде, сонымен қатар резидентура формасындағы ЖОО кейін білім алып жатқан тұлғалар;

- бала тууға, бала асырап алуға, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар;

- жұмыс істемейтін екіқабат әйелдер, іс жүзінде 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар;

- зейнеткерлер;

- еӊ төменгі деӊгейдегі қауіпсіздік мекемелерін есептемегенде сот шешімімен ҚАЖ мекемелерінде айыбын өтеушілер;

- уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу изоляторларындағы азаматтар жатады.

Айта кету керек, МИМС аясында көрсетілетін медициналық көмектіӊ көлемі ИМСҚ-ға төленетін жарна көлеміне тәуелді емес. Еӊ бастысы, жарна уақытылы әрі үнемі төленіп тұруы тиіс.

Қазақстанда қолданыстағы тәжірибеге сай ИМСҚ-ға түсетін жарналарды бақылау ісін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетіне жүктеу ұсынылады.

Сарапшылардыӊ болжамы бойынша МИМС-ті енгізгеннен соӊ еліміздегі медициналық көмек көрсетудіӊ деӊгейі айтарлықтай өсетіні, сондай-ақ, дәрігерлердіӊ жалақысын арттыру мүмкіндігі пайда болады. Ауруханалар жоғарғы санатты жабдықтар мен қымбат дәрі-дәрмектер ала алатын болады. МИМС адамға тексеруден өтуіне, қажет болған жағдайда өз қаржысын жұмсамай ем алуына мүмкіндік береді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны