19.09.2018, 17:15 5360

Эмир Байғазин "Өзен" фильмі үшін Голливудтыӊ Баспасөз Ассоциациясыныӊ грантына ие болды

Грантқа ие болған киногерлер белді режиссерлердіӊ жетекшілігімен өтетін семинарларға, шеберлік сағаттарға қатысу үшін келесі жылы қаӊтардыӊ 2-сі мен 23-і аралығында Лос-Анджелес қаласына аттанады. Жеӊімпаздар Film Independent ұйымдастыруымен білім беру бағдарламаларына, көрсетілімдерге, сондай-ақ жыл сайын өткізілетін 76-шы "Алтын Глобус" салтанатына қатысады.

Алматы. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - Илемніӊ түкпір-түкпірінен жиналған алты режиссер Hollywood Foreign Press Association (Film Independent серіктестік негізінде құрылған) тағайындаған алғашқы резиденттік грантқа ие болды. Бұл тізімде Венеция кинофестивалініӊ "Көкжиектер" секциясында "Үздік режиссер" атанған отандық режиссер Эмир Байғазинніӊ де есімі бар.

Грантқа ие болған киногерлер белді режиссерлердіӊ жетекшілігімен өтетін семинарларға, шеберлік сағаттарға қатысу үшін келесі жылы қаӊтардыӊ 2-сі мен 23-і аралығында Лос-Анджелес қаласына аттанады. Жеӊімпаздар Film Independent ұйымдастыруымен білім беру бағдарламаларына, көрсетілімдерге, сондай-ақ жыл сайын өткізілетін 76-шы "Алтын Глобус" салтанатына қатысады.

Сонымен қатар, Торонто кинофестиваліндегі "Платформа" конкурстық бағдарламасыныӊ жеӊімпазы анықталды. Бұл байқаудыӊ басты жүлдесі режиссер Хо Ви-Динныӊ "Бақытты қала" фильміне бұйырды. Ал Эмир Байғазинніӊ "Өзен" фильмі қазылар алқасыныӊ құрметті аталымына ие болды.

- Фестиваль барысында біз 12 фильмді көріп тамашаладық. Авторлық киноныӊ болашағы сенімді қолда екеніне үмітіміз зор. Сондықтан да жеӊімпазды анықтау бізге қиын болды. Қазылар алқасыныӊ атынан (Бела Тарр, Мира Наир, Ли Чанг-дон) Эмир Байғазинді және поэзиялық оқиғасы бар, баурап алатын көріністері бар, айрықша әдемі түсірілген "Өзен" фильмін ерекше атап өткіміз келеді, - деді сахна төрінен фестивальдіӊ "Платформа" бағдарламасы қазылар алқасыныӊ мүшесі Ли Чхан Дон.

Отандық кинотуынды туралы қазылар алқасынан ресми баспасөз-стецтментінде: "Дәлме-дәл және мұқият қолөнер көмегімен шыққан ерекше туынды бізді қатты қызықтырды. Фильмдегі визуалды көріністер және оныӊ батыл да шыдамды бақылау стилі көӊіліӊді бірден баурап алады" делінген.

Айта кетсек, Screendaily басылымы ұйымдастырған халықаралық киносыншылар рейтингі бойынша "Өзен" фильмі және аргентиналық режиссер Бенжамин Найштаттыӊ "Рохо" фильмі 1-ші орынды иеленді.

Естеріӊізге сала кетсек, Аслан туралы трилогияныӊ соӊғы бөлімі -

"Өзен" фильмі өркениеттен алыс жерде тұратын, қаладан келген қонақтан кейін өмірлері күрт өзгере бастаған бес ағайынды туралы баяндайды. Фильмніӊ түсіру жұмыстары Оӊтүстік Қазақстан облысында жүргізілді.

Фильмніӊ жарыққа шығуына бірнеше мемлекеттер атсалысты, олар: Қазақстан (ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ, Emir Baigazin Production), Норвегия (Norsk Filmproduksjon) және Польша (Madants).

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны