10.09.2018, 21:03 4280

Эмир Байғазин түсірген ""Өзен" ("Река") фильмі 75-ші Венеция кинофестивалініӊ "Көкжиектер" (Горизонты) бағдарламасында "Үздік режиссер" жүлдесін жеӊіп алды

Фильмніӊ әлемдік тұсаукесері 4 қыркүйекте өткен болатын. "Көкжиектер" атты конкурстық бағдарламасында отандық фильмнен басқа кинематография саласы дамуыныӊ жаӊа тенденцияларын ұсынатын көркем 18 авторлық туындылар қатысты.

Алматы. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Эмир Байғазин түсірген ""Өзен" ("Река") фильмі 75-ші Венеция кинофестивалініӊ "Көкжиектер" (Горизонты) бағдарламасында "Үздік режиссер" жүлдесін жеӊіп алды.

Фильмніӊ әлемдік тұсаукесері 4 қыркүйекте өткен болатын. "Көкжиектер" атты конкурстық бағдарламасында отандық фильмнен басқа кинематография саласы дамуыныӊ жаӊа тенденцияларын ұсынатын көркем 18 авторлық туындылар қатысты. Мерейтойлы Венеция фестивалініӊ жеӊімпаздарын 8 қыркүекте жария етті.

Атаулы "Үздік режиссер" жүлдесін - "Арыстанды" - фестивальдіӊ марапаттау салтанатында Польша ко-продюсерініӊ өкілі Агнешка Пучило алды. Режиссер Эмир Байғазин марапаттау рәсіміне қатыса алмады, өйткені ол "Өзен" фильмін Торонто кинофестивалінде таныстыру үшін Канадаға арнайы барған болатын ( "Өзен" фильмі негізгі конкурстық "Платформа" бағдарламасы шеӊберінде көрсетіледі).

Айта кетсек, Эмир Байғазин бұл фильмніӊ сценарий авторы, режиссері, қоюшы операторы, продюсері, сонымен қатар, картинаныӊ монтаж жұмыстарын да өзі жасаған. Трилогияныӊ соӊғы бөлімініӊ (трилогияныӊ алғашқы екі бөлімі - "Асланныӊ сабақтары" ("Уроки гармонии") және "Төрт оқиға" ("Раненый ангел") фильмдері) жарыққа шығуына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ, Польшаныӊ кино институты және Sorfond (Норвегия) атсалысты. Бұл туынды сценарий кезінде MPA APSA Азия-Тынық мұхиттық киноассоциациясы грантыныӊ қолдауына ие болды.

Фильмніӊ әлемдік тұсаукесерінен кейін Батыстыӊ әлемге әйгілі басылымдары "Өзен" фильмі туралы жарыса жазып, оӊ пікірлерін білдіріп жатты:

Hollywood Reporter:

"Эмир Байғазинніӊ стилін фильмніӊ әр кадрынан байқауға болады. Композициясы өте үйлесімді, оныӊ образдыр үйдіӊ интерьерінде , ауылдық экстерьерінде, тіпті экпанситві сұлу табиғат аясында өте орынды. Режиссер алғаш рет фильмніӊ қоюшы операторы ретінде бақ сынады. Картинаныӊ кеӊ кадрлары кеӊістіктіӊ динамика көзқарасымен қарағанда шебер түсірілген, ал кейіпкерлер шынайы сомадаған. Камераныӊ қозғалуы да аз.

"Өзен" - арт-хаустан тыс жұмбаққа толы саяхаттыӊ оғаш және тартымды образы. Визуалды жағынан өте керемет және гуманистік зерттеулерге де бай туынды".

Screen Daily

"Режиссер Эмир Байғазинніӊ Аслан туралы Трилогиясыныӊ ("Уроки гармонии" , 2013, және "Раненый ангел", 2016)соӊғы бөлімі - "Өзен" фильмі қысым көрсету мен босатылудыӊ оқиғасын баяндайтын, көрерменніӊ көӊілін арбайтын фильм. Тәуекелге бел буып, еркін ойлайтын авторлық кино дистрибьюторларын шақыратын ұстамды және қатал мінезді туынды.

Эмир Байғазинніӊ кинематографиялық стилінде жеке бостандық, еліктіру және отбасы қарым-қатынастары сұрақтарын зерттейтін баяндаудыӊ жасырын мағынасы бар".

Cineuropa

"Өзен" фильмі Көкжиектер" бағдарламасындағы еӊ визуалды эстровагантты туынды. Бұл фильм Эмир Байғазинді батыл авторлық режиссер екенін тағы да дәлелдей түсті".

"Сценарист, режиссер Эмир Байғазин өзін алғаш рет қоюшы оператор ретінде таныстырып отыр. Оныӊ қолында камера композицияны ерекше сезіп, әлемді аса құрметтеп сыйлайтын визуалды инструментке айналады. Фильмніӊ образы - шынайы өмір мен мифология әлемніӊ арасында оқиға тәрізді. Батыс өркениетінен, заманауи технологиялар мен поп-мәдениетінен алшақ дәстүрлі өмірге қол сұққан бүгінге күнге көрініс".

Nonsolocinema

"Эмир Байғазин жас актерлармен тамаша жұмысын тағы да көрсете алды. Экранада өмірдіӊ шынайлығын батыл көрсете білді. Ағайындылардыӊ тартымды образдары, сондай-ақ Қанаттыӊ бейнесі Орталық Азия кино тарихында қалатыны сөзсіз".

NOW

"Бес ағайындыныӊ өмірі туралы ерекше көзқараста түсірілген фильм көреременніӊ шыдамдылығын тексереді. Осы жарқын образдар туралы ойлауға мәжбүрлейтін бұл фильмде өткір тілділікті, саяси аллегорияны көріп таӊ қалатыныӊыз ғажап емес".

Cinemascope

"Эмир Байғазин" - сезімталдылық пен сабырлылық сақтайтын режиссер. Режиссер трилогияныӊ барлық атмосферасын және ритмін анықтайтын үшінші бөлімін ұсынды".

IONCINEMA

Эмир Байғазин көне дәстүрлердіӊ заманауи әлеммен қақтығысыныӊ портретін ашып беріп отыр.

Багазин бұл фильмде қоюшы оператор ретінде де атсалысып, өзен әлемін қашу туралы дастанныӊ таныстырылым ретінде көрсетті.

Cinematografo

"Өзен" көрерменді магия мен реализмге арбап, метафизикалық әлемге ауыстырады. Шынайы көркем түсірілген фильм".

Естеріӊізге сала кетсек, Эмир Байғазинніӊ алғашқы дебюттік жұмысы "Асланныӊ сабақтары" фильмі Қазақ кинематографиясы тарихында тұӊғыш рет 63-ші Берлин кинофестивалініӊ негізгі байқауына іріктелініп, "Үздік оператор" номинациясында "Күміс аю" жүлдесімен марапатталды (2013). Трилогияныӊ екінші бөлімі -"Төрт оқиға" фильмі де Берлин кинофестивалініӊ Panorama Special бағдарламасы шеӊберінде алғаш көрсетілді (2016). 2018 жылы тамыз айында Эмир Байғазин Румынияда өткен Anonimul кинофестивалінде "Кино саласыныӊ дамуына қосқан үлесі үшін" арнайы жүлдесімен марапатталды. Айта кетсек, осы фестиваль шеӊберінде режиссердіӊ ақ-қара түсте түсірілеген "Жұлдыздарды көргіӊіз келе ме?" фильмініӊ тұсаукесері өткен болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны