28.09.2018, 13:53 4939

Эмир Байғазинніӊ "Өзен" фильмініӊ азиялық тұсаукесері Токиодағы Халықаралық кинофестивалі шеӊберінде өтеді

Фестивальдіӊ негізгі байқауына 109 елден 1800-ден астам фильмдер келіп түскен екен. Нәтижесінде, негізгі байқауға отандық "Өзен" фильмінен басқа, Еуропа, Азия және Африка режиссерлері түсірген 15 фильм іріктеп алынды.

Алматы. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today -Отандық режиссер әрі сценарист Эмир Байғазинніӊ "Өзен" ("Река") фильмі 2018 жылдыӊ 25-ші қазан мен 3-ші қараша аралығында өтетін Токиодағы 31-ші Халықаралық кинофестивалініӊ негізгі байқауына қатысады.

Фестивальдіӊ негізгі байқауына 109 елден 1800-ден астам фильмдер келіп түскен екен. Нәтижесінде, негізгі байқауға отандық "Өзен" фильмінен басқа, Еуропа, Азия және Африка режиссерлері түсірген 15 фильм іріктеп алынды. Фестивальдіӊ ашылу салтанатында Брэдли Купердыӊ режиссерлық дебюты - "Жұлдыз туылды" мюзиклы көрсетілетін болады.

Аталған халықаралық кинофестивальдіӊ қазылар алқасыныӊ құрамына режиссер Брильянте Мендоса, продюсер Брайан Берк, актрисалар - Таране Алидости және Кахо Минами, режиссер әрі продюсер Стэнли Кван кірді.

"Эмир Байғазин - Қазақстан атынан ұсынылып отырған "Өзен" фильмініӊ режиссері. Бұл фильм ерекше көркем түсірілген. Эмир Байғазин - осы есімді естен шығармаӊыздар", - деді фестивальдіӊ директоры Ёси Ятабэ фильмніӊ таныстырылымында (РИА жаӊалықтары хабарлауы бойынша).

"Өзен" фильмініӊ әлемдік тұсаукесері Венеция кинофестивалі шеӊберінде өткен болатын. Бұл фестивальдіӊ "Көкжиектер" бағдарламасында Эмир Байғазин үздік режиссер атанды. Ал фильмніӊ Солтүстік Амирикадағы тұсаукесері үсітіміздегі жылы қыркүйек айында Халықаралық Торонто кинофестивалі аясында өтті. Кинотуынды фестивальдіӊ "Тұғырнама" ("Платформа") конкурстық бағдарламасында көрсетіліп, қазылар алқасыныӊ құрметті аталымына және Screen Daily тәуелсіз киносыншылардыӊ рейтингісі тізімінде алдыӊғы қатардан көрінді. Одан бөлек, "Өзен" фильмі үшін Эмир Байғазин Голливудтыӊ шетел баспасөзі қауымдастығыныӊ грантына ие болды.

"Өзен" фильмі өркениеттен алыс жерде тұратын, қаладан келген қонақтан кейін өмірлері күрт өзгере бастаған бес ағайынды туралы баяндайды. Аслан туралы трилогияныӊ алдыӊғы екі бөлімі 2013 және 2016 жылдары Берлин кинофестивалініӊ негізгі бағдарламасына қатысқан болатын. "Асланныӊ сабақтары" фильмі "Күміс аю" және Morgenpost неміс газетініӊ жүлдесімен марапатталған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны