22.04.2008, 10:05 1199

Эмомали Рахмон Еуропалық қайта құру және даму банкінен қаржыландыру көлемін 3-4 есе ұлғайтуды өтінді

Эмомали Рахмон Еуропалық қайта құру және даму банкінен қаржыландыру көлемін 3-4 есе ұлғайтуды өтінді

Душанбе. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Эмомали Рахмон Еуропалық қайта құру және даму банкінен қаржыландыру көлемін 3-4 есе ұлғайтуды өтінді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Бұл жылдық көлем 100-150 млн АҚШ долларын құрайды деген сөз. Біз мұны жүзеге асыруға тырысамыз. Алайда бұл үшін қолайлы жағдайлар жасауымыз керек. Сонда ғана осы деңгейге шамамен 3 жылда шығуымызға болады. Егер де проблема шешілмесе банк инвестициясының жылдық сомасы 40 млн доллар деңгейінде қалады", - деп атап көрсетті Тәжікстан президенті Еуропалық қайта құру және даму банкінің Орта Азиядағы директоры Масару Хонмамен кездесуден кейін.

Өңір бойынша банк директоры бұдан әрі қарай болатын ынтымақтастық бағыттарының мүмкіндіктері туралы мәселеге түсінік бере отырып Еуропа қайта құру және даму банкі өз бағдарын микроқаржыландыруға, ауыл шаруашылығына, шағын және орта бизнесті дамытуға, инфрақұрылымды қолдауға бағыттайтынын атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны