13.06.2008, 10:39 1180

Ең қиыны жер сілкінісі әкелетін шығынды азайту - Оказаки Кэндзи

Ең қиыны жер сілкінісі әкелетін шығынды азайту - Оказаки Кэндзи

Алматы. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ең қиыны жер сілкінісі әкелетін шығынды азайту. "ҚР Алматы қаласындағы жер сілкінісінің қаупін басқаруды зерттеу" халықаралық семинарының барысында Саяси зерттеулер академиясының профессоры Оказаки Кэндзи осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Жапониядағы ғимараттар жеткілікті дәрежеде қауіпсіз саналып келген. Жапония озық білім мен технологияға ие және ғимараттардың көпшілігі заңмен белгіленген стандарттарға сай болып келеді. Алайда, 1995 жылы Кобэ қаласында жер сілкінісі болған кезде көптеген ғимараттардың жер сілкінісіне төзе алмайтыны анықталды. Сондай-ақ, жер сілкінісі әкелетін шығынды іс жүзінде азайта алмағанымызға көзіміз жетті", - деп мәлімдеді Оказаки Кэндзи.

Ол сонымен қатар, ғылыми жетістіктерге қарамастан, жер сілкінісін басқа апаттарға қарағанда алдын ала болжау қиынның қиыны екенін атап көрсетті. "Заманауи технологиялардың өзімен біз келесі жер сілкінісі қашан болатынын айта алмаймыз", - деді профессор.

Бұл ретте ол адамдарды жер сілкінісі емес, ғимараттар өлтіретінін айтты. Қазіргі ғимараттарды, әсіресе, нормативтерге сай келмейтіндерін нығайту қажет. Алайда, көптеген мемлекеттер тұрғын үйлердің мұндай ірі модернизациясын жасауға күші мен қаражаты жетіспейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны