10.05.2018, 20:42 4172

"Еӊ сұлу" фильмі прокатқа шығады

Түсірілім жұмыстары Алматы және қалаға жақын маӊдарда жүрген. Тонау сахналары үшін фильмніӊ қоюшы-суретшісі Нұрболат Құлмұхамбетов Цин әулеті құмырасыныӊ тоғыз көшірмесін жасаған.

Алматы. 10 мамыр. Kazakhstan Today - Режиссер Қанағат Мұстафин түсірген "Еӊ сұлу" кинокомедиясы 10 мамырдан бастап прокатқа шығады. Аталған фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы мен "Kanaidarproduction" компаниясы түсірген.

- Бұл кинотуынды "16 қыз" фильмініӊ жалғасы емес. Жаӊа фильм. Романтикалық комедия жанрында түсірілген "16 кыз" фильмінде басты екі кейіпкер ғана болса, жаӊа фильмде тоғыз негізгі кейіпкер бар. Жанры жағынан криминалды комедияға жақын. Бұл "16 қыз" фильмініӊ кейіпкерлері қатысатын отбасылық көрсетілімге арналған фильм, - деді режиссер Қанағат Мұстафин.

Фильмніӊ желісі бойынша картинаныӊ басты кейіпкері Самат отыздан асса да әлі күнге дейін отбасын құрмаған сүрбойдақ. Жан досын үйлендіруді көздеген Бауыржан Саматпен бірге қалыӊдық іздеп қалаға аттанады. Осы жолда екі дос қызықты да шытырман оқиғаларды бастан өткізеді. Фильмдегі оқиға 80 млн. теӊге тұратын Цин әулетініӊ XIV ғасырдағы құмыраныӊ Ұлттық мұражайдан ұрлануымен қоса өрбиді.

"16 қыз" фильмініӊ басты кейіпкерлері - Аша Матай мен Берік Айтжановтан басқа жеті негізгі кейіпкерлер бар, оларды Ғани Құлжанов, Асан Мәжит, Фархат Ибдірайымов, Мұрат Бисембин және басқалар сомдайды. Айта кетелік, фильмде комедиялық актер ретінде алғаш киноға түскен әртістер де бар. Олар: актер Қуаныш Долдаев, блогер тележүргізуші Исел Асқар, теле-радио жүргізуші, шоумен Қазыбек Қасым және әнші Кентал (Талғат Кенжеболатов).

Түсірілім жұмыстары Алматы және қалаға жақын маӊдарда жүрген. Тонау сахналары үшін фильмніӊ қоюшы-суретшісі Нұрболат Құлмұхамбетов Цин әулеті құмырасыныӊ тоғыз көшірмесін жасаған.

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ

Ұзақтығы: 90 минут

Жанры: Комедия

Сценарий авторлары: Қанағат Мұстафин, Жанат Қасабеков

Қоюшы-режиссері: Қанағат Мұстафин

Операторлары: Айдар Оспанов, Айвар Кыдырбаев

Костюм жөніндегі суретші: Алена Лузанова

Композиторы: Никита Карев

Продюсері: Айдархан Иділбаев

Актерлер: Берік Айтжанов, Аша Матай, Қуаныш Долдаев, Исел Асқар, Қазыбек Қасым, Дәурен Айдарқұлов, Ғани Құлжанов, Асан Мәжит, Мұрат Бисенбин.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны