02.04.2012, 13:29 3674

Ең үлкен лотерея ұтысының иегері анықталды

АҚШ-та лотереядан ең үлкен джек-пот ұтылды. Mega Millions деп аталатын ұлттық лотереяның 640 млн доллар мөлшеріндегі ұтысы Мэриленд штатында сатылған билетке бұйырыпты. Бұл әлем бойынша бұрын-соңды болып көрмеген ұтыс қоры,- деп жазады Хабар агенттігі.

Астана. 2-сәуір. Kazakhstan Today - Ең үлкен лотерея ұтысының иегері анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

АҚШ-та лотереядан ең үлкен джек-пот ұтылды. Mega Millions деп аталатын ұлттық лотереяның 640 млн доллар мөлшеріндегі ұтысы Мэриленд штатында сатылған билетке бұйырыпты. Бұл әлем бойынша бұрын-соңды болып көрмеген ұтыс қоры,- деп жазады Хабар агенттігі.

Бағы туған кісі бірден ұтысын алғысы келсе, бар салықтарды төлегеннен кейін 350 млн долларға жуық соманы қолына алады екен. Mega Millions лотереясы АҚШ-тың 42 штаты мен ел астанасы Вашингтонға және АҚШ басқаруындағы Виргин аралдарына тарайды. Ойын шарты бойынша 1-ден 56-ға дейінгі аралықта 5 санды дәл анықтау керек және 1 мен 46 аралығынан "Мега сан" деп аталатын қосымша санды дәл көрсету қажет. Mega Millions лотереясының осыдан бұрынғы ірі ұтысы 2007 жылғы наурызда тіркелген болатын. Сол кезде ұтыс 390 миллион долларға жеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны