04.02.2015, 14:13 3697

Еӊбек инспекциясы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ында жұмысшылар жалақысыныӊ төмендетілуіне қатысты тексеріс жүргізеді

Қарағанды облысыныӊ прокуратурасы еӊбек инспекциясына жұмысшыларыныӊ жалақы көлемін төмендету фактісі бойынша "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ында еӊбек заӊнамасыныӊ сақталуын тексеруді тапсырды

Қарағанды. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысыныӊ прокуратурасы еӊбек инспекциясына жұмысшыларыныӊ жалақы көлемін төмендету фактісі бойынша "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ында еӊбек заӊнамасыныӊ сақталуын тексеруді тапсырды, деп хабарлады ведомствоныӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қолда бар ақпараттарға сәйкес, 2015 жылы 30 қаӊтарда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Виджай Махадеван компания кәсіпорны қызметкерлерініӊ жалақысын төмендетуді қарастырған бұйрық шығарды. Компания әкімшілігініӊ әрекетіне құқықтық баға беру үшін облыстық прокуратура еӊбек инспекциясына еӊбек заӊнамасыныӊ сақталуы бойынша тексеріс жүргізуді тапсырды", - делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Заӊныӊ бұзылғаны анықталған жағдайда, жұмысшылар құқығыныӊ бұзылғанын қалпына келтіру шаралары қолға алынатыны аталып өтілді.

Осыған дейін компанияныӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарланғандай, қаржы жағынан қиындықтар тууына байланысты "АрселорМиттал Теміртау" АҚ шетелдік қызметкерлерініӊ жалақысын 50%, жергілікті мамандардыӊ еӊбекақысын 25% уақытша қысқартқан еді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны