19.03.2012, 13:46 3599

Еңбек министрі Қаскелеңде "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасына қатысушылармен кездесті

Бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Ибдіхалықованың Алматы облысына жұмыс сапары жалғасты. Жұмыс сапарының аясында министр Қаскелең қаласындағы С.Жандосов атындағы №11 кәсіптік лицейде болды.

Астана. 19-наурыз. Kazakhstan Today - Еңбек министрі Қаскелеңде "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасына қатысушылармен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Ибдіхалықованың Алматы облысына жұмыс сапары жалғасты. Жұмыс сапарының аясында министр Қаскелең қаласындағы С.Жандосов атындағы №11 кәсіптік лицейде болды.

Онда Г.Ибдіхалықова "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасына қатысушылармен кездесті және олардың сауалдарына жауап берді.

Бұл оқу орнының базасында 10 кәсіп пен мамандық бойынша жұмысшы кадрлар дайындалады. 2011 жылы "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасына қатысушылардың қатарынан 21 адам осы лицейде оқып шығып, жұмысқа тұрды. Ағымдағы жылы тағы 100 адамды осы оқу орнына жіберу жоспарлануда.

Министр сондай-ақ "Дельфин" спорттық-сауықтыру кешенінде, "Қайрат" жеке кәсіпкерлігі мен "Орсеп" қызмет көрсету стансасында болып, Жұмыспен қамту бағдарламасының бірінші және екінші бағыттарының іске асырылу барысын тексерді. Және Бағдарламаға қатысушылармен кездесіп, олардың сауалдарына жауап берді.

Г.Ибдіхалықованың Алматы облысына жұмыс сапары аяқталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны