21.12.2012, 16:14 3619

Еңбек министрі мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілерімен кездесті

"Алматы қаласында БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасының қолдауымен министр Ибденовтің еліміздің мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілерімен кездесуі өтті",- делінген министрліктің таратқан хабарламасында.

Астана. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Ибденов мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Алматы қаласында БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасының қолдауымен министр Ибденовтің еліміздің мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілерімен кездесуі өтті",- делінген министрліктің таратқан хабарламасында.

Кездесуде мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы өзекті мәселелер қаралды, Қазақстанның өңірлерінде "Мүгедектерге арналған такси" қызметін енгізу жөніндегі "Сәби" қайырымдылық қорының жобасы таныстырылды.

Еңбек министрлігі сондай-ақ, Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін (2012-2013 жылдар) іске асыру аясында "Аржан" қоғамдық бірлестігімен бірлесіп әзірленген "Қолжетімділік картасы" арнайы жобасын таныстырды.

Кездесудің қорытындысы бойынша мүгедектердің нысандар мен қызметтерге қолжетімділік жағдайын жақсарту, мемлекеттік органдардың үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимылдарын тереңдету жөніндегі нақты ұсыныстар жасалды, сондай-ақ мүгедектерді жұмыспен қамтуға және оларды оңалтуға бөлінетін қаржының сомасын арттыру мәселелерін шешудің нақты жолдары ұсынылды.

Кездесу қорытындысы бойынша министр, жылды қорытындылап отыру және келер жылдың міндеттерін белгілеу үшін мұндай кездесулерді жыл сайын өткізіп тұру туралы ұсыныс жасады.

2008 жылы ел Президенті Н.И.Назарбаев Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция мен оның Факультативтік хаттамасына қол қойған болатын. Адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды қолданысқа енгізуді жалғастыру және мүгедектердің құқықтарын тиімді іске асыруға құқықтық орта жасау ниетін Қазақстан осылайша нақтылады.

Бүгінде Қазақстанда 572,7 мыңнан астам мүгедек тұрып жатыр, оның 64,9 мыңы - мүгедек балалар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны