30.06.2018, 13:25 8038

Еӊбек министрлігі кәсіптік стандарттарды дайындаумен айналысатын ұйымдар мен мамандарды ынтымақтасуға шақырады

Салалық біліктіліктер шеӊберін және кәсіптік стандарттарды дайындау жөнінде келісімшартқа отырғысы келетін мамандар мен ұйымдар 2018 жылдыӊ 2 шілдесіне дейін байқауға қатысуға қызығушылығын білдіріп, "Еӊбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру" жобасыныӊ Басқару тобына ілеспе құжаттаманы жіберуі қажет.

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today - ҚР Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еӊ сұранысқа ие 16 бағыт бойынша салалық біліктіліктер шеӊберін және кәсіптік стандарттарды дайындаумен айналысатын ұйымдар мен мамандар арасында іріктеу байқауын жалғастыруда. Іріктеуден өткен ұйымдармен және мамандармен келісімшартқа қол қойылады. Осыныӊ арқасында түрлі экономика салаларында қызмет жасайтын мамандарға келешекте жас мамандарды оқытаттын индустрия стандарттарын қалыптастыру үшін өзініӊ кәсіби тәжірибесін қолдануға мүмкіндік беріліп отыр.

Жарияланған байқау әлеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік, туризм, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және инновациялар, шағын және орта бизнесті дамыту, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп, медициналық қызметтер, сауда-саттық, логистика және жеткізу қызметі, азық-түлік өнеркәсібі, өӊдеуші өнеркәсіп, құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шарашылығы, машина құрастыру және металл өӊдеу, қаржылық сектор, агроөнеркәсіп кешені, тау-кен металлургиялық өнеркәсіп, энергетика және мұнай-газ өнеркәсібі сынды салалар бойынша салалық біліктіліктер шеӊберін және кәсіптік стандарттарды дайындауды көздейді.

Салалық біліктіліктер шеӊберін және кәсіптік стандарттарды дайындау жөнінде келісімшартқа отырғысы келетін мамандар мен ұйымдар 2018 жылдыӊ 2 шілдесіне дейін байқауға қатысуға қызығушылығын білдіріп, "Еӊбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру" жобасыныӊ Басқару тобына ілеспе құжаттаманы жіберуі қажет.

Салалық біліктіліктер шеӊберін және кәсіптік стандарттар ҚР Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігініӊ Дүниежүзілік банктіӊ қаржылай және техникалық қолдауымен жүзеге асырып жатқан "Еӊбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру" жобасы аясында дайындалып жатыр. Жобаныӊ міндеті - Ұлттық біліктіліктер жүйесініӊ негізін қалыптастыру, салалық біліктіліктер шеӊбері және кәсіптік стандарттар оныӊ құрамына кіреді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны