14.09.2006, 15:27 2992

Еңбек министрлігінің мекемелерінен үш жылда сыбайлас жемқорлыққа байланысты 60-тан астам адам жұмыстан шығарылды

АСТАНА. 14-қыркүйек. Kazakhstan Today. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бағынышты мекемелерден үш жылда сыбайлас жемқорлыққа байланысты 60-тан астам адам жұмыстан шығарылды. Бұл туралы бүгін еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінен кейінгі баспасөз мәслихатында министр Гүлжан Қарағұсова құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Кейінгі үш жылда министрліктің ішкі бақылау жүйесі барлық облыстар, Алматы және Астана қалаларындағы департаменттер мен мекемеге бағынышты барлық республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды тексеруге қамтыды",- деді министр. "Тексеру қорытындысы бойынша тек Алматы қаласы бойынша 34 қызметкер жұмыстан босатылды",- деді министр.

Алматы қаласында ағымдағы жылдың қаңтар айында жүргізілген тексеру барысында, Г.Қарағұсованың айтуынша, зейнетақылар мен жәрдемақыларды заңсыз әрі негізсіз төлеу оқиғалары әшкереленді, соның ішінде, Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы филиалдарының жекелеген қызметкерлерінің 200 млн. теңгеден астам мемлекет қаржысын иемденіп кету деректері анықталды.

Министрдің хабарлауынша, сондай-ақ, "Алматы қалалық қаржы полициясы былтырғы жылдың маусым айында Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Бостандық аудандық бөлімшесінің маманының үстінен қылмыстық іс қозғады. Ол өзінің таныстарына мүгедектікке байланысты ай сайынғы жәрдемақыны рәсімдеп келген. Жалпы алғанда банк есепшоттарына 1,6 млн. теңге аударылған".

"Ағымдағы жылдың наурыз айында Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Астана қалалық филиалында жүргізілген тексеру нәтижесінде де жалпы көлемі 1,9 млн. теңгені құрайтын негізсіз төлемдер дерегі анықталды",- деді Г.Қарағұсова.

"Барлық беті ашылған деректерге қатысты материалдар қаржы полициясы мен бас прокуратураға жолданды",- деді министр сөз соңында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны