19.10.2012, 14:02 3349

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Министр ең алдымен Киров атындағы зауытта болып, өндіріс ошағының ұжымымен кездесті. Кәсіпорын электр-техникалық өнімдермен қатар, соңғы жылдары сандық телевизияға арналған қондырғылар шығарып келеді.

Петропавл. 19-қазан. Kazakhstan Today - Серік Ибденов аймақтағы әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралып, "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Министр ең алдымен Киров атындағы зауытта болып, өндіріс ошағының ұжымымен кездесті. Кәсіпорын электр-техникалық өнімдермен қатар, соңғы жылдары сандық телевизияға арналған қондырғылар шығарып келеді. Серік Сақболдаұлы жұмыспен қамту орталығының мамандарымен де жүздесті. Мемлекеттік бағдарлама аясында, аймақ бойынша, соңғы 1,5 жылда 2 мыңға жуық адам жұмыс тапқан. Министр, адам капиталын арттыруға көңіл бөлу керектігін айтты. Жалпы, әр қазақстандықтың жылдық орташа табысы 12 мың долларға дейін өскен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны