04.06.2007, 13:14 2860

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2015-жылға дейінгі көші-қон саясаты тұжырымдамасының жобасын жасады

АСТАНА. 4-маусым. Kazakhstan Today. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитеті 2015-жылға дейінгі көші-қон саясаты тұжырымдамасының жобасын жасады. Бұл туралы бүгін сенат депутаттарымен кездесу барысында комитет төрағасы Жазбек Ибдиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бұл тұжырымдама қазіргі уақыт талабына сай келеді. Онда заңды және заңсыз көші-қонға қатысты мәселелерді шешудің басты бағыттары реттеледі",- деді Ж.Ибдиев.

Ол бүгінге дейін елімізде 2000-2005-жылдар аралығына есептелген көші-қон саясатының тұжырымдамасы жұмыс істеп келенін еске салды. "Бұл тұжырымдама өз өзектілігінен айрылды", деді ол. "БҰҰ сарапшыларының бағалауынша, Қазақстан көші-қон процесстері бойынша түрлі елдер арасында 15-ші орынға ие болған. Ал 2006-жылдың қорытындысы бойынша Илемдік банк Қазақстанға 9-орын берді",- деді Ж.Ибдиев.

"Сөйтіп, еліміз аса ауқымды көші-қон нысанына айналды. Көші-қон саясатының жаңа заманауи тұжырымдамасын қабылдауға осы жайт себеп болды",- деді ол.

Кездесу барысында депутаттарға таныстырылған көші-қон комитетінің анықтамалық материалдарында атап көрсетілгеніндей, 2007-2015-жылға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасы "елімізді әлеуметтік-экономикалық дамытудың "Қазақстан-2030" ұзақ мерзімді стратегиясына негізделген" және ол мемлекет басшысының жолдауына сәйкес көші-қон саласындағы басты бағыттарды айқындайды". Тұжырымдаманың басты мақсаты "елімізде көші-қон саласын реттеудің біртұтас жүйелі және біріздендірілген нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыруға", "елімізге жоғары білімді, инновациялық, қаржылық және инвестициялық әлеуеті бар иммигранттарды тарту саласында іріктемелі саясат жүргізуге", сондай-ақ, "еліміздегі әлеуметтік-экономикалық сұранысқа сәйкес жұмыс күші нарығын реттеуге" саяды.

Комитеттің хабарлауынша, қазір тұжырымдама жобасы мүдделі мемлекеттіке органдарға келісуге жіберілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны