12.02.2013, 09:39 3336

Енді қазақстандықтар аты-жөндерін интернет арқылы өзгерте алады

Қазақстан Республикасының электрондық үкімет интернет-порталында - "Некеге тұру немесе бұзылуына байланысты аты-жөн өзгерісін тіркеуге электрондық өтініш беру" жаңа қызметі пайда болды. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің ресми сайты Иділет департаментінің баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлайды.

Астана. 12-ақпан. Kazakhstan Today - Енді қазақстандықтар аты-жөндерін интернет арқылы өзгерте алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Республикасының электрондық үкімет интернет-порталында - "Некеге тұру немесе бұзылуына байланысты аты-жөн өзгерісін тіркеуге электрондық өтініш беру" жаңа қызметі пайда болды. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің ресми сайты Иділет департаментінің баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлайды.

Мұндай қызмет тек электронды сандық қолтаңбасы (ЭСҚ) барларға ғана көрсетіледі. Ал ЭСҚ-ны www.egov.kz порталынан немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады, - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Аты-жөнді өзгерту туралы электрондық өтініш беру үшін порталда тіркеліп, өтінішті (жүйеге мәліметтерді енгізіп, өтінішке ЭСҚ көмегімен қол қою) толтыру жеткілікті.

Көрсетілген қызмет үшін мемлекеттік баж салығын төлеу электрондық үкіметтің автоматтандырылған төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны