16.05.2017, 17:34 3937

Энергетика министрі Қызылордадағы ЖЭО-да болған жағдайға түсінік берді

Тәжірибеге сүйенсек, егер де осындай жағдайда адамдардыӊ өмірі қиылса, онда техникалық қауіпсіздіӊ ережесі бұзылғандығы анықталады. Сондықтан да тиісті комиссия барлығын зерделеп, тиісті қорытынды шығарады", - деді Бозымбаев Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін.

Қызылорда. 16 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қызылорда қаласындағы ЖЭО-да мұржаныӊ құлауы фактісіне қатысты түсінік берді.

"Қазір ол жерде комиссия жұмыс істеп жатыр. Осы орайда олар өздерініӊ тұжырымын мәлімдеуі тиіс. Жергілікті атқарушы органдар комиссиямен бірлесе барлық мән-жайды баяндайды. Меніӊ білуімше, бұл нысан Жылу электр орталығыныӊ 10 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істемей тұрған бөлігі. Аталған аймақта тазарту жұмыстары жүрзіліп, ескі нысан сүріліп жатқан болатын. Тәжірибеге сүйенсек, егер де осындай жағдайда адамдардыӊ өмірі қиылса, онда техникалық қауіпсіздіӊ ережесі бұзылғандығы анықталады. Сондықтан да тиісті комиссия барлығын зерделеп, тиісті қорытынды шығарады", - деді Бозымбаев Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 14 мамырда сағат 19.00-де бұзу жұмыстарын жүргізу барысында Қызылордадағы ЖЭО мұржасы "Алтын ЛТД" ЖШС-ныӊ екі жұмысшысыныӊ үстіне құлап кетті. Олардыӊ бірі облыстық медицина орталығына жеткізілді, екіншісі қирандылар астында қалып қойды. 15 мамырда сағат 3:45-те Оӊтүстік өӊірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағыныӊ кинологиялық есептобы қиранды астында қалған екінші жұмысшыныӊ мәйітін тапты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны