22.05.2008, 09:55 1446

ENRC құрған қайырымдылық қоры Қазақстанның әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға 3 млрд теңге бөледі

ENRC құрған қайырымдылық қоры Қазақстанның әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға 3 млрд теңге бөледі

Астана. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Eurasian Natural Resources Corporation (ENRC) компаниялар тобы ағымдағы жылы Қазақстан Республикасында әлеуметтік жобалардың жүзеге асуына 3,039 млрд теңге ($25,3 млн) бөлетін "ЕNRC Көмек" ұжымдық қайырымдылық қорының құрылғаны жайлы жариялайды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ENRC баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Компанияның баспасөз релизінде атап көрсетілгендей, "ENRC Көмек" коммерциялық емес қайырымдылық ұйымы. Ол білім беру, мәдени-ағарту, зерттеу және басқа да қоғамдық шараларды қаржыландыруға арналған.

Қор құрылтайшылардың жалпы жиналысынан (оған ENRC барлық компаниялар кіреді), қамқоршы кеңестен, қор директоры басқаратын атқару органынан, және аудиторлық комитеттен тұрады. Қор директоры болып Марат Омаров тағайындалды. Қамқоршы кеңесті Сигрид Хельга Ситтард басқарады.

"ЕNRC Plc қорының алғашқы жобасы ретінде Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Қарағанды облыстарының әкімдіктерімен өзара ынтымақтастық жайындағы меморандумға қол қойылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

ЕNRC ақпаратына сүйенсек, Қарағанды облысына бөлініп отырған қаражаттың үлкен бөлігі тұрғын үй құрылысына жұмсалады. Ақтөбе облысында негізгі сома қайырымдылық шараларына арналады. Атап айтқанда, Алға балалар үйіне, кедей отбасыларға, Хромтау мен Ақтөбе қалаларындағы мешіт пен шіркеу құрылысының аяқталуына бағытталады.

Қостанай облысында шайбалы хоккейдің дамуына, жас мамандар мен оралмандар үшін 36-пәтерлік тұрғын үй құрылысына бағытталады.

Павлодар облысында бөлініп отырған қаражат 320 орындық балалар бақшасын салуға, спортты дамытуға, Екібастұз бен Ақсуда әлеуметтік тұрғын үй салу мен сатып алуға жұмсалады, деген ақпарат ұсынды ЕNRC.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны