25.05.2007, 18:37 2862

ЕО 2008-2009 жылдары Орталық Азия аймағындағы есірткі тасымалының жолын кесуге және шекараны нығайтуға 12 млн АҚШ долларын бөлмек

АСТАНА. 25 - мамыр. Kazakhstan Today. Еуропалық одақ 2008-2009 жылдары Орталық Азия аймағындағы есірткі тасымалының жолын кесуге және шекараны нығайтуға 12 млн АҚШ долларын бөлмек. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ЕО ВОМКА бағдарламасының (Орталық Азиядағы шекара басқаруда Еуропалық одақтың көмек көрсету бағдарламасы) бас кеңесшісі Харди Релинг мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Алты миллион долларды келесі жылы бөлу жоспарлануда, дәл осындай қаржы 2009 жылы да бөлінбек",- деді Х. Релинг.

Өз кезегінде халықаралық BOMKA/KADAP бағдарламасының (Орталық Азиядағы есірткінің таралуының алдын алу мен шекара басқаруда Еуропалық одақтың көмек көрсету бағдарламасы) менеджері Имір Елшібеков, аталмыш бағдарламаның "Еуропалық одақтың Қазақстандағы ең үлкен жобаларының бірі" болып табылатындағын атап көрсетті. "Біз шекаралардағы өту бекеттерін нығайтып, қайта жабдықтау жұмыстарын жүргізудеміз, есірткі және жарылғыш заттарды таратудың алдын алу жөніндегі арнайы, тексеру құралдарын әкелудеміз, сондай-ақ шетелдік мамандарды тарта отырып, Қазақстанның оқыту базасын пайдалану арқылы мамандарды оқытып жатырмыз", - деп түсіндірді ол.

"Біздің бағдарлама аймақтық прициппен қаржыландырылады, Қазақстанның соңғы уақыттарда экономикалық көрсеткіштерінің жақсы болуына байланысты құралдармен қамтамасыз етуде Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанмен салыстырғанда азырақ аламыз",- деп хабарлады И. Елшібеков. Сонымен қатар ол, "қазір үкіметтің қандай да бір себептермен қоя алмай отырған құралдарын сатып алу үшін ресурс қашанда табылады",- деп атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны