23.05.2007, 18:29 2986

ЕО Қазақстанды ғылыми жобалар бойынша аймақтық әріптес ретінде қарайды

АСТАНА. 23 - мамыр. Kazakhstan Today. Еуропалық одақ Қазақстанды халықаралық ғылыми ынтымақтастықты қолдайтын бірлескен жобаларда аймақтық әріптес ретінде қарайды. Бұл туралы бүгін Еуропалық одақтың 2007 -2013 жылдары жүзеге асырылатын ғылым мен технологияларды дамыту жөніндегі жетінші негіздемелік бағдарламасына арналған семинарда бағдарламалардың директоры Кристиан Патерман мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мәселе ғылым саласындағы бірлескен зерттеулер туралы болып отыр, қазірде жұмыс тобы құрылған, олардың негізгі міндеттері Еуропалық одақпен ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың бірлескен тақырыптық басымдықты әзірлеу болып табылады",- деп түсіндірді өз кезегінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Ерлан Раманқұлов.

"Негізінен, мұндай сапарлар үлкен саяси сипатта болады, бірақ біздің жағдайда Патерман мырза біздің биотехнология орталығымызға келіп, Алматыда да, Астанада да ғалымдармен кездесу мүмкіндігін тауып отыр. Мен мұны үлкен іс деп санаймын, себебі біздің ғалымдарды Еуропада біз үшін осындай қол жетерлік бағдарламалардың бар екендігі туралы хабардар ету керек... Қазір Қазақстанда ғылымды қаржыландырудың өте өскендігіне қарамастан, шетелде табыс табу да өте маңызды",- деп қосты Е. Раманқұлов.

Ұлттық биотехнология орталығының баспасөз қызметінің таратқан баспасөз баянында хабарлағандай, Еуропалық одақтың ғылым директоратының жетінші негіздемеләк бағдарламаларының бюджеті 55 млрд евроны құрайды, оның басты басымдықтарының бірі "Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және биотехнология" тарауы болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны