12.02.2016, 19:33 3386

Ерасыл Иубәкіровтіӊ өліміне қатысты 4 күдікті қамауға алынды

Биылғы жылдыӊ 6 ақпанында Ерасыл Иубәкіровтіӊ із-түзсіз жоғалуына қатысты Астана қалалық ІІД ҚР ҚК 99-бабы - қасақана кісі өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғады.

Астана. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Биылғы жылдыӊ 6 ақпанында Ерасыл Иубәкіровтіӊ із-түзсіз жоғалуына қатысты Астана қалалық ІІД ҚР ҚК 99-бабы - қасақана кісі өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғады. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде қылмысқа күдікті 4 азамат ұсталды. Оларға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылып, тұтқынға алынды. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментініӊ директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Е.Иубәкіровтіӊ мәйіті 10 ақпан күні табылды, жүргізілген сот-медициналық сараптама барысында оны қинап өлтірілгені анықталды. Қылмыстық істі ҚР ІІМ Тергеу департаменті өндіріске қабылдады. Іс бойынша жедел тергеу шаралары мен сараптама жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

ІІМ істі өз бақылауына алды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны