21.02.2020, 22:32 8230

ЕРДО әлеуметтік блоктың 2 мыңнан астам қызметкерін жұмыстың жаңа тетіктеріне үйретеді

Бірінші семинарға Қызылорда, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарынан жұмыспен қамту орталықтарының, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің 19 қызметкері қатысты.

Алматы. 21 ақпан. Kazakhstan Today - ЕРДО әлеуметтік блоктың 2 мыңнан астам қызметкерін жұмыстың жаңа тетіктеріне үйретеді.

"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ (бұдан әрі - ЕРДО) сарапшылары өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының (бұдан әрі - ЖҚҮӘББ) қызметкерлеріне атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің (бұдан әрі - АӘК) және кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсынудың жаңа тетіктері туралы, сондай-ақ "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - ААЖ) жұмыс бойынша оқыту семинарларын өткізуді бастады.

Бірінші семинарға Қызылорда, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарынан жұмыспен қамту орталықтарының, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің 19 қызметкері қатысты.

Тыңдаушыларға АӘК көрсету критерийлері түсіндірілді, кепілді әлеуметтік пакетті ұсыну әдістемесіне үйретілді. "Әлеуметтік көмек" ААЖ жаңа функционалымен жұмыс істеу шеңберінде қатысушылар аталған әлеуметтік қызметтерді көрсету үшін қажеттілікті қалыптастыру процесімен танысты. Сонымен қатар, ақпараттық жүйемен жұмыс істеу кезінде жиі жіберілетін қателіктер бойынша сұрақтар талқыланды.

"Біз оқытуды жыл басынан бастап өткізе бастадық, БКБ форматында 250 тыңдаушы жаңа өзгерістермен танысты. Енді бейне-конференц байланыс арқылы жұмыспен қатар, ЕРДО базасында түсіндіру жұмысы жүргізіледі", - деді ЕРДО басқарушы директоры Анархан Дүйсенова.

Күндізгі семинарлар мен бейне-конференц байланыс арқылы оқыту шеңберінде бірінші тоқсанның соңына қарай 2000-нан астам адамды қамту жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны