19.09.2017, 15:31 4404

Ереванда Қазақ киносы апталығы өтіп жатыр

Үстіміздегі жылғы қыркүйек айыныӊ 18-і мен 21-і аралығында, Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардыӊ 25 жыл толуына орай Ереван қаласындағы "Мәскеу" кинотеатрында Қазақ киносы апталығы өтіп жатыр.

Алматы. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - Үстіміздегі жылғы қыркүйек айыныӊ 18-і мен 21-і аралығында, Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардыӊ 25 жыл толуына орай Ереван қаласындағы "Мәскеу" кинотеатрында Қазақ киносы апталығы өтіп жатыр. Аталмыш мәдени-іс шеӊбері аясында әр жылдары жарыққа шыққан үздік отандық фильмдер көрсетіледі.

Іс шараға Арменияныӊ зиялы қауымы, Армения кинематографистер одағыныӊ мүшелері, мәдениет министрлігі, іскерлік, мемлекеттік ұйымдар мен ведомстволар, сонымен қатар дипломатиялық корпустыӊ өкілдері қатысады.

Аталған жобаныӊ негізгі мақсаты кинематография саласындағы екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту, сондай-ақ армян көрермендерін Қазақстанныӊ қазіргі киносымен таныстыру.

Ереван қаласында өтетін Қазақ киносы апталығы қыркүйектіӊ 18-нде Эрнест Хэмингуэйдіӊ "Шал мен теӊіз" повесі желісі бойынша түсірілген режиссер Ермек Тұрсыновтыӊ "Шал" фильмімен ашылды. Фильмді армян көрермендеріне басты рөлді сомдаған актер Ерболат Тоғызақов таныстырды.

Мәдени іс-шара барысында Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы жарыққа шығарған басқа да фильмдер көрсетіледі, олар: режиссер Рүстем Ибдіраштыӊ "Сталинге сыйлық" (19 қыркүйек) және "Балалық шағымныӊ аспаны" (20 қыркүйек) фильмдері, режиссерлер үлкен Сергей Бодров, Талғат Теменов және Иван Пассердіӊ "Көшпенділер" (21 қыркүйек). Қазақ киносы апталығы 22 қыркүйей күні Эльдор Уразбаевтыӊ "Транссібір экспресі" фильмімен аяқталады.

Фильмдер орыс тілінде, "Москва" кинотеатрында күнде сағат 19:00 көрсетілетін болады. Кіру тегін.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны