12.01.2016, 12:16 4369

Ерлер үшін абыройсыз дәріні әйел алып өтпек болыпты

Қорғастық шекарашылар кеше кешкілік, сағат 17.30-дар шамасында шекаралық бақылау отрядыныӊ аумағындағы халықаралық шекара бойы ынтымақтастығыныӊ сауда орындарынан қайтып келе жатқан 35 жастағы әйелді ұстады.

Астана. 12 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қорғастық шекарашылар кеше кешкілік, сағат 17.30-дар шамасында шекаралық бақылау отрядыныӊ аумағындағы халықаралық шекара бойы ынтымақтастығыныӊ сауда орындарынан қайтып келе жатқан 35 жастағы әйелді ұстады. Тексеру барысында бұл әйелден ешқандай құжатсыз, жарияланбаған, 28 қорап, ҚХР-да жасалынған "Тонгкат Али Платинум" дәрісі табылды. Бұл іспен қазір "Алтынкөл"кеден бекетініӊ қызметкерлері айналысуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл дәрініӊ не үшін қажет екендігін тележарнамалардан жас кәрініӊ барлығы жақсы біледі. Елубай, Алпысбай, Жетпісбайлардыӊ әкелерініӊ алдында бүгінгі ерлер үшін ұят-ақ. Осы дәріні әйел адамныӊ әкеле жатқаны ай...

Ерлер демекші, орда бұзар отыз үш жастағы "Артем" есімді қазақстандық ер жігіт Қордай шекара отрядыныӊ "Қордай авто" бөлімшесінде ұсталды. Ол Қырғыз Республикасыныӊ аумағынан біздіӊ елімізге қарай жаяу келе жатқан екен. Арнайы үйретілген қызметтік ит оныӊ есірткі тасымалдаушы екендігін бірден анықтап берді. Ұсталған жігітті жіті тексеру барысында иттіӊ қателеспегендігі белгілі болды, оныӊ оӊ жақ бәтіӊкесінен қағазға оралған "гашиш" есірткісі табылды. Бұндайларға "Елубай" тұрмақ "Қырықбайдыӊ" қызығы бір тиын.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны