30.06.2016, 21:02 13329

"Ермегияев ісіндегі" басты күдікті Нәдірбаев кінәсін толық мойындады

Талғат Ермегияевтыӊ оққағары әрі сенімді тұлғасы Саят Нәдірбаев өз кінәсін толық мойындап, қылмысқа қатысты өкінетінін білдірді. Ол сонымен қатар, процессуалдық келісім қорытындысы туралы өтініш берді

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today - Талғат Ермегияевтыӊ оққағары әрі сенімді тұлғасы Саят Нәдірбаев өз кінәсін толық мойындап, қылмысқа қатысты өкінетінін білдірді. Ол сонымен қатар, процессуалдық келісім қорытындысы туралы өтініш берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

28 маусым күні Астана қалалық прокуратурасы күдіктініӊ берген өтінішін қанағаттандырды, осыған байланысты Нәдірбаевпен мәміле түріндегі келісім жасалды, ол бойынша күдіктіге 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы шартты жаза белгіленеді. Қазіргі күні іс соттыӊ қарауына жіберілген, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Айта кетейік, Саят Нәдірбаев - "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ экс-басқарма төрағасы Талғат Ермегияевтыӊ сенімді тұлғасы. Басшысыныӊ тапсырмасы бойынша Нәдірбаев ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы жымқырылған және қолма қол ақшаға айналдырылған қаражатты Ермегияевқа беріп отырған. Бұл фактіні сотталушыныӊ бірі Марс Шорманов ("Компания АДС" ЖШС экс- президенті) та мойындаған, ол сотта 937 млн. теӊге шамасында қолма-қолға айналдырылған ақшаны Ермегияевқа оныӊ сенімді тұлғасы Нәдірбаев арқылы бергенін айтқан еді.

"Жалпы Нәдірбаев бес мәрте Шормановтан 200-300 млн. теӊге шамасында ақша алып, оны Ермегияевқа беріп отырған. Алайда, Нәдірбаев айыбын мойындайтын болғандықтан, Ермегияевтыӊ басқа да сенімді тұлғалары оныӊ тергеуден қашуын ұйымдастырған. Ермегияевтыӊ бауыры Н. Молдашев пен оныӊ танысы С.Ережеп және басқа да тұлғалар жеті ай бойы Нәдірбаевты әртүрлі пәтерлерде жасырып келген. Іздеу шараларыныӊ нәтижесінде 28 наурызда Нәдірбаевты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері ұстады. Өз кезегінде Нәдірбаевтыӊ жұбайы - Айда Нәдірбаева тергеуге кедергі келтіріп, шатастыру мақсатында БАҚ арқылы бірнеше мәрте мәлімдеме жасап, жалған айғақтар көрсеткен, күйеуініӊ ұрланғанын, оныӊ заӊсыз бас бостандығынан айырылғанын, оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлерініӊ тарапынан зорлықтар жасалғанын айтқан. Ал жалған кісі ұрлауды ұйымдастырушылар Талғат Ермегияевтыӊ сенімді тұлғалары болып отыр. Қазіргі таӊда Нәдірбаевтыӊ тергеуден қашуын ұйымдастырғандарға қатысты қылмысты жасырғаны үшін айып тағылып, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылуда", - делінген баспасөз баянында.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны