19.06.2017, 12:54 6364

Ермек Тұрсыновтыӊ "Киномеханик" фильмінде басты рөлді актер Мұрат Мұқажанов сомдайтын болады

Фильм - Екінші Дүниежүзілік соғысы кезінде неміс қариядан киноаппарат сыйға алған солдат туралы. Соғыстан соӊ елге оралған ол қартайған шағына дейін ел аралап, киноаппаратпен ескі фильмдерді көрсетумен айналысады. Ол киноныӊ көмегімен әлемді жақсартуға болады деп сенеді.

Алматы. 19 маусым. Kazakhstan Today - "Киномеханик" кинокартинасы ҚР Мәдениет және спрот министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы "Тұрсынов фильм" ЖШС бірлесе түсіріліп жатыр. Фильм - Екінші Дүниежүзілік соғысы кезінде неміс қариядан киноаппарат сыйға алған солдат туралы. Соғыстан соӊ елге оралған ол қартайған шағына дейін ел аралап, киноаппаратпен ескі фильмдерді көрсетумен айналысады. Ол киноныӊ көмегімен әлемді жақсартуға болады деп сенеді.

"Киномеханик" фильмінде басты рөлді актер Мұрат Мұқажанов сомдайтын болады. 69 жастағы актер түсірілім алаӊында соӊғы рет 50 жыл бұрын болған екен.

- Барлық балалар сияқты мен де актер болуды армандағам. 1965 жылы Құрманғазы атындағы өнер институтына театр факультетіне оқуға түстім. Ишірбек Сығай, Ишірәлі Кенжеев, Ерсайын Дүйсенбиев, Құман Тастамбековтермен бірге КСРО халық артисі Хадиша Бөкееваныӊ шеберханасында оқыдым. Түсіру алаӊында алғаш рет 1967 жылы болдым, Александр Карповтыӊ "Дорога в тысячу верст" фильмі болатын. Сондай-ақ Абдолла Қарсақбаевтыӊ "Біздіӊ Ғани" фильміне де түстік. 70 жылдары отбасы жағдайына байланысты Семейге оралуыма тура келді, кейін әскерге кеттім, - деп еске алды актер.

Искерден орала салысымен Мұрат Мұқажанов жергілікті мектеп директорыныӊ шықыруымен әскери дайындық бойынша мұғалім болып қызметке орналасады. Оған қоса, ауылдағы театрда қойылымдар қойып жүрген ол, "біздіӊ театр 1977 жылы халық театры атағын алған", деп мақтанышпен айтты. Бүгінде Алматы қаласында тұрып жатқан ақсақалдыӊ 6 немересі бар екен.

- Бұл рөлге үміткерлер көп болды, шамамен 40-50 адам. Осы жастағы көптеген актерларды қарастырдық, Қазақстандағы барлық драма театрларымен жұмыс жасадық. Мұрат ағаны бұрыннан танимын, оны кастингке алып келіп режиссермен таныстырдым. Ермек жаӊа есімдерді ашқанды жақсы көретінін білесіздер ғой. Көп ойланып, ақырында Қайыржанныӊ рөліне осы кісіні бекіттік, - деді картинаныӊ продюсері Қанат Төребай.

Сонымен қатар продюсер фильмніӊ түсіру жұмыстары Алматы облысында маусымныӊ 28-не дейін жалғасатынын айтты, соӊғы түсірілім күні 1 шілдеге жоспарланған.

Ресейдіӊ танымал театр және кино актрисасы, Ресейдіӊ халық артисі Нина Усатова да "Киномеханик" фильміне түсіп жатыр.

Фильмде жесір әйелдіӊ рөлін "Холодное лето пятьдесят третьего", "Мусульманин", "Барак" және т.б. фильмдері арқылы танылған Нина Усатова сомдайды. Фильмніӊ түсіру алаӊы Алматы облысы Жаркент қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан.

- Осы рөл арқылы мен өзімніӊ балалық шағыма оралғандай болып тұрмын. Себебі мен Алтайда туылғам, сондықтан да, жылқылар мен қойлар және кеӊ даланыӊ иісі маған жақсы таныс. Бұл рөлдіӊ маған бұйырғанына қуаныштымын. Тағдырдыӊ берген сыйы деп санаймын,- деді ресейлік актриса.

Фильмніӊ режиссері Ермек Тұрсынов сценарий жазу барысында осы рөлге Нина Усатованы елестеткенін айтты. Ал ресейлік актриса қазақстандық режиссердіӊ шығармашылығымен таныс екенін жеткізді.

- Кеӊес заманында түрлі фестивальдерде Қазақстандағы әріптестерімізбен жиі кездесіп, фильмдерді талқыға салып, қандай фильмдер түсіріліп жатқанын білуші едік. Өкінішке қарай, қазір бәрі өзгеше. Алайда мен Ермек Тұрсыновтыӊ "Шал" фильмін көргенім есімде. Өте шыншыл туынды. Басты кейіпкерді сомдаған актер шынайы ойнап шықты. Көріп отырып жыладым да, ол қасқырлардан қашқан кезде "Қашсай, тез бол" деп бірге айқайлап отырдым да. Күлген жерлерім де болды, өйткені картинада әзіл де бар, - деді Нина Усатова.

Айта кетсек, "Шал" фильмінде басты рөлді сомдаған актер Ерболат Тоғызақов да "Киномеханик" фильміне қатысатын болады. "Ол меніӊ барлық фильмдеріме түсті ғой, ол маған сәттілік әкелетін меніӊ тұмарым іспеттес", деді режиссер.

Фильмніӊ монтажын үстіміздегі жылда аяқтау жоспарлануда. "Барлығы пост-продакшнға байланысты, алдын ала болжап айту қиын", - деп қорытындылады Ермек Тұрсынов.

Анықтама:

Нина Усатова - Ресей және Кеӊес Одағыныӊ театр және кино актрисасы, Ресей халық артисі, Ресей мемлекеттік сыйлығыныӊ иегері. Нина Усатова 1951 жылы 1-ші қазанда Алтайдағы Малиновое Озеро ауылында өмірге келген. 1974 жылы Нина Николайқызы Б.В. Щукин атындағы театр мектебіне режиссер факультетіне оқуға түсті. 1979 жылы оқуды аяқтаған Нина Усатова тәжірибе өтеуге Котлас қаласына келеді. Бұл кезде Ленинградта жастар театры ашылып, жас актриса осы театрға қызметке орналасады. 1989 жылы Нина Усатова Г.А. Товстоногов атындағы Үлкен драма театрныныӊ труппасына келеді.

1981 жылы Нина Усатова кинодағы алғаш рөлі "Куда исчез Фоменко" телевизиялық фильмінде тігіншініӊ образын сомдайды. Көпшгілік қауымға "Холодное лето пятьдесят третьего.." фильмі арқылы танылған.

"Киномеханик" фильмініӊ аннотациясы: Солдат соғыстан қайтып келгенінде, үйініӊ есік-терезелері шегеленіп, жабулы тұрғанын көреді. Бұндай көріністі көрген ол Германияда қарт немісті өлтірмей алып қалғаны үшін, сыйға алған кинопроекторын шығарып, кино қояды. Қайтыс болған жақындарын жоқтап, қайғысынан тез айығуына фильмдер ықпал етеді. Фильмдегі кейіпкерлерді қиялдап, өмірді қайта бастауға қуат алады. Содан бастап өмірініӊ соӊына дейін ол кинопроектордан ажырамайды.

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Турсуновфильм" ЖШС бірлесе

Қоюшы режиссер және сценарий авторы: Ермек Тұрсынов

Қоюшы операторы: Мартин Сечанов

Қоюшы суретші: Қуат Тілеубаев

Екінші режиссер: Тамаш Тот

Продюсері: Қанат Төребай

Рөлдерде: Мұрат Мұқажанов, Қуат Тілеубаев, Ерболат Тоғызақов, Иісбек Ибілмәжінов және басқалар.

Режиссер туралы ақпарат: Тұрсынов Ермек Кәрімжанұлы - кинодраматург, кинорежиссер, Қазақстан кинематографистер одағыныӊ мүшесі. 1984 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетініӊ журналистика факультетін бітірген. 1990 жылы Мәскеудегі Жоғарғы сценаристер және режиссерлер курсын (А. Митта және Я. Фрид шеберлігі) тәмамдаған. Журналист, "Мегаполис" газетініӊ бас редакторы, "Қазақстан" телеарнасыныӊ бас директоры, "31 арнаныӊ" бас продюсері болып істеген.

ФИЛЬМОГРАФИЯСЫ. Толықметрлі көркем фильмдердіӊ сценарий авторы: "Сіз кімсіз, Ка мырза?" (КФ, 2009), "Чума", "Мұстафа Шоқай" (КФ, 2008), Сергей Бодровпен бірлесе, "Құрақ көрпе" (КФ, 2007), "Ближний бой" (2008), "Мытарь", "Четвертый мир", "Сабалақ" Тимур Бекмамбетовпен бірлесе, "Ибілқайыр-хан" (КФ, 1993), "Папина дочь" Сатыбалды Нарымбетовпен бірлесе, "Прыгай, я за тобой", "Караванные тропы", "Бақсы" (КФ, 2008) Гүлшат Омаровамен бірлесе, "Полковник Нода", "Мамин рай" (2009) Мохсен Махмальбафпен бірлесе, "Старая любовь" Ақтан Абдықалықовпен бірлесе, "Мәмлүк", "Келін" (КФ, 2009) және басқалар. Түсірген фильмдері: "Келін", "Шал", "Кенже", "Кемпир"" және басқалар.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны