29.04.2008, 15:35 3726

ERSAI компаниясы аудандық ауруханаға құны 2,1 млн теңгеге бағаланатын өкпеге жасанды вентиляция жасау аппаратын тарту етті

ERSAI компаниясы аудандық ауруханаға құны 2,1 млн теңгеге бағаланатын өкпеге жасанды вентиляция жасау аппаратын тарту етті

Ақтау. 29 апреля. "Қазақстан Бүгін" - ERSAI Caspian Contractor LLC компаниясы әлеуметтік міндеттер аясында Маңғыстау облысының Қарақиян ауданындағы Құрық ауылының ауруханасына құны 2 млн 100 мың теңгеге бағаланатын ИВЛ "Фаза-5" (Фаза-НР-01) атты өкпеге жасанды вентиляция жасау аппаратын тарту етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Аудандық Құрық ауылы ауруханасының дәрігері Бақтыгерей Төлешев айтқанындай, бұл аппарат өкпеге қосымша және жасанды вентиляция жасау үшін немесе фторотан және азот ашытқысымен наркоздық ингаляция жасау үшін қолданылады.

"Біз бұны көптен бері күттік. Енді жаңа туған жас нәрестелерге жасанды вентиляция жасау мүмкіндігі туды ", - деп атап өтті Б. Төлешев.

ERSAI Caspian Contractor LLC компаниясының дәрігері Георгий Эриставидің айтуынша, қалалық ауруханалардың жағдайы мүшкіл екендігі бәріне аян. Алайда қалалық ауруханалардың жағдайын мемлекеттен басқа жергілікті атқарушы билік орындары да жасауы керек.

ERSAI Caspian Contractor LLC компаниясы "Қашаған" жобасына арналған металл конструкцияларды жасаумен айналысады. Жұмыстар Александр Бекович-Черкасск шығанағы жағалауында жүргізіліп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны