24.07.2012, 10:49 4211

Ертең Алматыда сейсможаттығулар жүргізіледі

"Оқу-жаттығулар сирена дауысымен және "Тыңдаңыздар!" деген дабылмен басталып, телерадио арналары мен қалалық дауыс зорайтқыштардан берілетін хабарламаларға жалғасады", - деп хабарлайды ҚазТАГ ақпараттық агенттігі.

Алматыү 24-шілде. Kazakhstan Today - Ертең Алматыда сейсможаттығулар жүргізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

25 шілде күні жергілікті уақытпен таңғы сағат 10.00-ден бастап Алматы қаласының тұрғындары үшін сейсможаттығулар жүргізілмек.

"Оқу-жаттығулар сирена дауысымен және "Тыңдаңыздар!" деген дабылмен басталып, телерадио арналары мен қалалық дауыс зорайтқыштардан берілетін хабарламаларға жалғасады", - деп хабарлайды ҚазТАГ ақпараттық агенттігі.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын сейсможаттығулар кезінде сабыр сақтап, ұйымшылдық танытуға шақырады.

Сейсможаттығулар "Төтенше жағдайларды жою және олардың алдын алу жөніндегі мекемеаралық мемлекеттік комиссияның басқарма ұйымдары қала халқына жер сілкінісінің қауіптілігін хабарлайды" деп аталады.

Жаттығу Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Мәулен Мұқашевтің басшылығымен, қалалық әкімшіліктің қолдауымен, Төтенше жағдайларды жою және олардың алдын алу жөніндегі мекемеаралық мемлекеттік комиссия төрағасының қаулысы аясында жүргізілмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны