16.03.2012, 12:09 3328

Ертең еліміздің басым аумағында жауын-шашын болды

Қазақстанның көптеген аумағындағы ауа райын циклон анықтайды, 17 наурыз күні жауын-шашын болады. солтүстікте - қар, оңтүстікте - жаңбыр жауып, жел күшейеді, бұрқасын, тұман және көктайғақ болады деп күтілуде.

Астана. 16-наурыз. Kazakhstan Today - Ертең еліміздің басым аумағында жауын-шашын болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның көптеген аумағындағы ауа райын циклон анықтайды, 17 наурыз күні жауын-шашын болады. солтүстікте - қар, оңтүстікте - жаңбыр жауып, жел күшейеді, бұрқасын, тұман және көктайғақ болады деп күтілуде.

Алматы облысында кейбір жерлерде желдің секундына 18-23 метрге дейін күшеюі, Алакөл көлдерінің ауданында түнде жел екпіні 30 метрге дейін жетеді деп күтіліп отыр. Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында кейбір жерлерде тұман, көктайғақ, желдің 5-20 м/с дейін күшеюі күтілуде.

Оңтүстік Қазақстан облысында - кейбір жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, түнде тұман түседі. Қызылорда облысында кейбір жерлерде тұман, жел жылдамдығының 15-20 м/с дейін күшеюі күтілуде.

Батыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде тұман түседі. Атырау облысында кейбір жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Қостанай облысында - кейбір жерлерде тұман, бұрқасын, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтіліп отыр.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарында кейбір жерлерде бұрқасын, желдің 17-22 м/с жылдамдықпен соғуы күтілуде. Шығыс Қазақстан облысында - кейбір жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны