15.03.2012, 14:07 3370

Ертең еліміздің солтүстігінде қар жауып, оңтүстігінде жаңбыр жауады деп күтілуде

Белсенді циклон өзімен бірге жауын-шашын әкеледі: республиканың солтүстігінде қар, оңтүстігінде - жаңбыр жауады, облыстардың жекелеген аудандарында бұрқасынды желдің күшеюі күтіліп, тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Астана. 15-наурыз. Kazakhstan Today - Ертең еліміздің солтүстігінде қар жауып, оңтүстігінде жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

16 наурыз күні Қазақстанның көптеген аумағындағы ауа райына белсенді циклон әсер ететін болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Белсенді циклон өзімен бірге жауын-шашын әкеледі: республиканың солтүстігінде қар, оңтүстігінде - жаңбыр жауады, облыстардың жекелеген аудандарында бұрқасынды желдің күшеюі күтіліп, тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Алматы облысында күндіз - кейбір жерлерде соққан желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді, Алакөл көлдері ауданында - 23-28 метр, күндіз жел екпіні секундына 30 метрден асады.

Жамбыл, Қызылорда облыстарында кейбір жерлерде тұман түсіп, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтілуде. Маңғыстау, Атырау облыстарында - кейбір жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақтөбе, Қостанай облыстарында - кейбір жерлерде көктайғақ, желдің секундына 15-22 метрге дейін күшеюі ықтимал, Қостанай, Қарағанды облыстарында - бұрқасынды жел соғады.Солтүстік Қазақстан облысында - бұрқасын болып, 17-22 м/с жылдамдықпен кейбір жерлерде 25 м/с жылдамдықпен жел соғады. Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, бұрқасындатуы ықтимал.

Ақмола облысында - кейбір жерлерде бұрқасын, түнде желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі, күндіз жел екпіні 17-22 метрге дейін болады деп күтілуде. Оңтүстік Қазақстан облысында - кейбір жерлерде желдің секундына 17-22 метрге дейін күшеюі күтілуде.

Жақын тәуліктерде Сырдария (Көктөбе және Кергелмес гидробекеттерінің арасында), Шу өзенінде, Алматы облысының жекелеген өзендерінде (Іле, Қаратал, Ақсу, тағы басқа) мұз бетінің әлсіреуі мен бұзылуы күтілуде. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде су деңгейлерінің ауытқулары байқалады. Ауа температурасының көтерілуі мен күтіліп отырған жауын-шашынға байланысты Алматы облысының төменгі таулы аймағында қар еріп, өзендерде су деңгейінің көтерілуі байқалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны