05.11.2012, 16:07 3108

Ертең "Халықтық ІРО" бағдарламасына өтініштер қабылдау басталады

Бағалы қағаздар нарығындағы көшті бастайтын "Қазтрансойл" компаниясы. Отандық қара алтынның 59 пайызын экспортқа және ішкі нарыққа тасымалдайтын ең ірі компания 38 миллион 463 мың 559 қарапайым акцияны сатылымға шығарады.

Астана. 5-қараша. Kazakhstan Today - Ертең "Халықтық ІРО" бағдарламасына өтініштер қабылдау басталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бағалы қағаздар нарығындағы көшті бастайтын "Қазтрансойл" компаниясы. Отандық қара алтынның 59 пайызын экспортқа және ішкі нарыққа тасымалдайтын ең ірі компания 38 миллион 463 мың 559 қарапайым акцияны сатылымға шығарады. Бір акцияның құны- 725 теңге. Сарапшылардың айтуынша бұл- қаржысын басқара білетін жандарға зор мүмкіндік. Бағдарламаға зейнетақы қорлары мен 160 мыңға жуық жеке тұлға қатысады деген болжам бар. Акцияларға жазылу ертең басталып, желтоқсан айының 5-іне дейін жалғасады. Брокерлік ұйымдар негізінен еліміздің ірі қалаларында орналасқан. Аймақтарда олардың өкілдіктері сондай-ақ "Қазпошта" бөлімшелерінде трансфер-агенттер жұмыс жасайды.

Айта кетейік бұл шараны өткізудегі мақсат-Қазақстан азаматтарының ірі компаниялар акциясын сатып алуына жағдай жасау әрі отандық экономиканы өркендету. Аталмыш компания акциясын сатудан түскен қаржы мұнай тасымалдауды жақсартуға бағытталған мақсатты жобаларға жұмсалады. Бүгін "Самұрық- Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" Басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаев журналистерге берген сұхбатында "Халықтық ІРО"-ның табыссыз болуы мүмкін деген күдік жоқ екенін айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны