06.03.2012, 16:51 3416

Ертең Қазақстанның кей аймақтарында жауын жауып, көктайғақ болады

7 наурызда Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады. Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жекелеген жерлерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді деп күтілуде.

Астана. 6-наурыз. Kazakhstan Today - Ертең Қазақстанның кей аймақтарында жауын жауып, көктайғақ болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 наурызда Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады. Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жекелеген жерлерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді деп күтілуде.

Республиканың шығысында аздаған жауын-шашын жауып, негізінен күн райы ашық болады деп күтілуде.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады деп күтілуде. Ақмола және Қостанай облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау және Қарағанды облыстарының жекелеген жерлерінде тұман, көктайғақ болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Атырау, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде, Атырау облысында қарлы бұрқасын болады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Алакөл өзенінің ауданында желдің екпіні 20-25 м/с құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны