17.07.2008, 18:17 1145

"Ертіс орманы" резерватындағы оқиға себептерін анықтау үшін Павлодар облысына арнайы комиссия келді

"Ертіс орманы" резерватындағы оқиға себептерін анықтау үшін Павлодар облысына арнайы комиссия келді

Павлодар. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" -"Ертіс орманы" резерватындағы оқиға себептерін анықтау үшін Павлодар облысына арнайы комиссия келді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Құрамына Ауыл шаруашылық министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері кірген комиссия мүшелері "Қазавиа орман күзетінің" Ми-2 тікұшағының зардап шеккен экипаж мүшелерімен кездесті. Қарақшылық шабуыл жасалған екі ұшқыш та дәрігерлердің бақылауында жатыр және қажетті ем қабылдауда.

Соңғы уақыттарда қабылданған шаралар нәтижесінде резерват аумағында ағаштарды заңсыз кесу күрт азайған болатын. Енді, мамандардың пайымдауынша, қылмыскерлер орман күзетінің қызметкерлерін қорқыту арқылы қылмыстық іс-әрекеттерін жалғастыруды қалайды.

"Ертіс орманы" резерваты - ерекше қорғаудағы табиғат аумағы. Жағдайды өзгерту үшін мұнда құқық қорғау, бақылау органдары тарапынан кешенді шаралар қабылдап, жазаны күшейту керек", - деп есептейді Ауыл шаруашылық министрлігінің орманды күзету және қорғау мәселелері жөніндегі сарапшы У. Абжанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны