28.06.2007, 14:51 3019

Ертісбаев БАҚ туралы заңға тездетіп түзетулер енгізуді ұсынады; ал азаматтық қоғам өкілдері бұл мәселеде асығыстық танытпауды қолдап отыр

АСТАНА. 28-маусым. Kazakhstan Today. Республиканың мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев БАҚ туралы заңға шілденің ортасына дейін тездетіп түзетулер енгізуді ұсынады,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бір топ депутат балама заң жобасын ұсынған, бірақ қазіргі таңда мәжіліс таратылып, сенат өз жұмысын шілденің ортасына дейін жалғастырып жатуға байланысты БАҚ туралы заңға шілдеге дейін түзетулер енгізу үшін қолдан келгеннің бәрін істеуге талпыну керек", - деп мәлімдеді Е. Ертісбаев бүгін "Қоғам. Мемлекет. БАҚ: басымдықтар құқығынан құқықтың басымдығына" атты "дөңгелек үстел" барысында.

"Біз журналистік ұйымдар мен депутаттардың пікір-өтініштерін ескере отырып БАҚ туралы заңға, үлгерсек шелденің ортасына дейін, түзетулер енгізуге дайынбыз", - деді ол. "Егер сіздерде қандайбір ұсыныстарыңыз болса, жинақтап беріңіздер, біз оны бірден сенатқа енгіземіз", - деді ол бейресми ұйымдар мен БАҚ өкілдеріне қаратып айтқан сөзінде.

"Іс жүзінде біз журналистерді жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатуға дейін көптеген ең либералдық сипаттағы өзгерістерді енгізуге дайынбыз", - деді Е. Ертісбаев. "Бұл Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалық жасау мәселесін шешуде де, мемлекет басшысы мұрат тұтып отырған жалпы саяси жаңғыртулар аясында да аса маңызды мәселе", - деді министр.

Ал азаматтық қоғам өкілдері Е. Ертісбаевтың ұсынысына қарсы шығып отыр. Олардың пікірінше, БАҚ туралы заңға енгізілетін түзетулерді асығыстықпен қабылдау нұқсан келтіруі мүмкін. "Асығыстық аранға жығуы мүмкін. Жаңа парламент жасақталсын. Мамандардан құралған жаңа жұмыс тобы құрылсын. Асыққан сайтанның ісі демекші, асығыстықтан туындайтын түрлі зиян-залалға жол бермеу үшін осы комиссия асықпай-аптықпай жұмыс істесін", - деді халықаралық сөз бостандығын қорғау жөніндегі "Иділ сөз" қорының президенті Тамара Калеева министге қаратып айтқан сөзінде. "Қазір бұл түзетулер асығыс жиналып, әлдекімдер оны тасада талқылайтын болады. Жұмыс тобында асықпай, негізді талқылауға тиіс делінген жұмыс тобынсыз қабылданып кетеді", - деді ол.

"Мен бұл сенатқа сенбеймін. Меніңше, жүрді-барды көзқарас ұсталынып, журналистер мен журналистік ұйымдар айтып жүрген күрделі өзгерістер өтпей қалады", - деді өз кезегінде "Свобода слова" газетінің бас редакторы Гүлжан Ерғалиева. "Жаңа парламент қүрылған кезде ғана дұрыс әрі толыққанды заң қабылдау мүмкіндігі пайда болады деп ойлаймын", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны