10.03.2020, 17:49 4796

Ержан Бабақұмаров Алматыда карантинде жатқан адамдардың жағдайын біліп қайтты

Алматыда коронавирустық инфекция жағдайлары тіркелген жоқ. Жағдай биліктің бақылауында.

Алматы. 10 наурыз. Kazakhstan Today - Ержан Бабақұмаров Алматыда карантинде жатқан адамдардың жағдайын біліп қайтты.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі өңірлік штабтың отырысын өткізді.

Жиында штаб төрағасы Ержан Бабақұмаров коронавирустық инфекция жағдайлары тіркелген елдерден келген адамдардың орналасқан карантиндік аймақтарында болды. Карантиндегі ауруханаларға, провизорлық кешендерге барды.

№2 көпсалалы медицина орталығындағы жағдаймен танысқан Ержан Бабақұмаров карантиндегі тұлғалармен де әңгімелесті. Клиникадағы ахуал, тамақтану рационы және т.б. мәселелер талқыланып, сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша медициналық қызметкерлермен кездесу өткізілді.

Өз кезегінде карантиндегі адамдар карантин бойынша пікірлерімен бөлісіп, жергілікті билік, дәрігерлер мен медицина қызметкерлері тарапынан көрсетілетін шаралар үшін алғыстарын білдірді.

Айта кету керек, №2 көпсалалы медициналық орталығының базасында келгендерді орналастыру үшін 4 бөлімше ұйымдастырылған. Барлық азаматтар қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген дайын палаталарға орналастырылды. Азаматтар үшін барлық жағдай жасалған.

Карантиндегілер тәулік бойы медициналық қызметкерлердің қадағалауында болады. Сондай-ақ олар үш сағаттық термометриядан да өтуде. Барлығының мұрын жұтқыншағынан жағындылар мен коронавирусқа қан алынып, Ғылыми сараптамалық орталыққа жіберілді.

Жергілікті органдар карантинге жабылған азаматтардың тілектерін ескеріп, оларға қажет барлық шараларды, оның ішінде жеке гигиеналық заттармен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік беруде. Сондай-ақ қосымша калориялы тамақпен бірге көкөністер, жеміс жеуге жағдай жасалған. Стационарға карантинге жатқызылған азаматтарға туған-туыстарынан келетін қажетті заттарды беру үшін арнайы пункт те ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, аталған санаттағы тұлғалар (оның ішінде Оңтүстік Кореядан келгендер) бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес 14 күнге міндетті түрде үздіксіз карантинге алынды. Карантин кезінде стационардан кетуге рұқсат етілмейді. Карантин аяқталысымен стационардан шыққан азаматтар тіркелген жері бойынша 10 күн бойы телефон арқылы медқызметкерлердің бақылауында болады.

Бұған дейін, 6 наурызда, өңірлік штабтың төрағасы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жұртшылықпен кездесіп, еліміздегі ең ірі бір мегаполисінің аумағына коронавирусты инфекцияның таралып кетпеу мәселелері талқыланды. Оның үстіне қоғамдық ұйымның өкілі Оңтүстік Кореядан (6 наурыз) ұшып келген рейстің жолаушыларын күтіп алу кезінде жүзеге асырылған сақтық шараларының барысын тексерді.

Анықтама:

5-6 наурызда Кореядан 2 рейспен Қазақстанның 459 азаматы ұшып келді. Барлық келушілер 14 күнге алдын ала дайындалған медициналық ұйымдарға карантинге орналастырылды.

Алматыда коронавирустық инфекция жағдайлары тіркелген жоқ. Жағдай биліктің бақылауында.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны