06.06.2008, 15:52 2968

Есіл аудандық прокуратурасы әлеуметтік жағынан аз қорғалған 61 адамның құқығын қалпына келтірді

Есіл аудандық прокуратурасы әлеуметтік жағынан аз қорғалған 61 адамның құқығын қалпына келтірді

Петропавловск. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Есіл аудандық прокуратурасы әлеуметтік қорғау заңнамасының қолданылуын тексеру барысында әлеуметтік жағынан аз қорғалған 61 адамның құқығын қалпына келтірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тексеру барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті аудандық бөлімге 1941-1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысы жылдарында жұмыс істеген 61 азаматтың ісін кері қайтарған.

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, азаматтың арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны алу құқығын растайтын бір құжатқа Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жұмыс өтілін белгілу жөніндегі комиссияның шешімі болып табылады.

"Еңбек өтілі расталғаны туралы шешім болған жағдайда, әлеуметтік қорғау органдары азаматқа жәрдемақыны белгілеуге тиіс. Алайда, тексеру нәтижесі көрсеткендей, халықты әлеуметтік қорғау департаменті еңбек өтілін растау туралы комиссияның шешіміне қарсылық білдірмеген бола тұра, азаматтарға да жәрдемақыны белгілемеген, бұл азаматтардың арыздарын қарауды сөзбұйдаға айналдырып, содан азаматтардың құқығы бұзылған", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сөйтіп, прокурордың таныстыруын қарау нәтижесінде, департамент азаматтарға мемлекеттік арнаулы жәрдемақыны белгілеуге құжаттарды қабылдап, мемлекеттік органның кінәлі адамдары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны