16.10.2012, 14:20 3245

Есіл өзеніне 200 мың тұқы шабақтары жіберілді

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Есіл өзеніне "Колос" ЖШС балықшылары өсірген тұқы шабақтарының бірінші легін жіберді. Суға 200 мың тұқы түсірілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Астана. 16-қазан. Kazakhstan Today - Есіл өзеніне 200 мың тұқы шабақтары жіберілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Есіл өзеніне "Колос" ЖШС балықшылары өсірген тұқы шабақтарының бірінші легін жіберді. Суға 200 мың тұқы түсірілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Аталмыш кәсіпорын ағымдағы жылы Есіл өзеніне 900 мың тұқы балықтарын жіберуді жоспарлап отыр. Бұл қала тұрғындары мен қонақтары үшін демалу орындарын құруға мүмкіндік береді, сондай-ақ спорттық және әуесқойлық балық аулау кәсібінің дамуына ықпал етеді.

АШМ-де атап өткендей, соңғы жылдары Есіл өзенін белсенді балықтандыру бойынша барлық шаралар жасалуда. "Жыл сайын Майбалық балық питомнигі тұқы балығының 2 млн дана уылдырығын жіберу арқылы өзен балықтандырылуда. Бұған қоса, үстіміздегі жылы қала маңындағы Есіл өзеніне тұқы балығының шамамен 900 мың данасы жіберілмек", - дейді ведомстводағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны