24.08.2007, 13:57 2671

Есілге тұқының шабақтары жіберіледі

Астана шеңберінде рекреациялық аймақтар құру мақсатымен ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің балық шаруашылығы комитеті жоспарлап отырған шаралар аясында Есіл өзеніндегі қалалық парктің судан құтқару станциясының маңында "Майбалық балық питомнигі" РМҚК асыл тұқымды балық түрлерін, оның ішінде тұқы шабақтарын суға кезекті мәрте жібермекші.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 24 тамыз. АСТАНА. "Майбалық балық питомнигі" РМҚК Есілге тағы да тұқының шабақтарын жібермекші, деп хабарлайды ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

"Астана шеңберінде рекреациялық аймақтар құру мақсатымен ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің балық шаруашылығы комитеті жоспарлап отырған шаралар аясында Есіл өзеніндегі қалалық парктің судан құтқару станциясының маңында "Майбалық балық питомнигі" РМҚК асыл тұқымды балық түрлерін, оның ішінде тұқы шабақтарын суға кезекті мәрте жібермекші, деп хабарлайды мекеме.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2007 жылы жалпы алғанда мемлекеттік қаржы есебінен Есілге, Гребной каналға және Астанадағы басқа да бірқатар су қоймаларына 500 мыңдай биылғы тұқы төлдері жіберіледі. "Жалпы алғанда Есілге 400 мың дана биылғы тұқы төлдері, Гребной канал мен Заречное ауылы маңындағы су қоймаларына 50 мың данадан жіберіледі", -деп түсіндіреді баспасөз қызметі. Қазіргі жағдаймен Есілге 250 мың шабақ жіберіліп отыр.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "бұл шаралар Елордасы тұрғындары мен қонақтары үшін демалыс аймағы зонасын құру шараларының бір бөлігі болумен бірге әуесқой балық аулау спортын дамытуды көздейді". "Алдағы уақытта жоғарыда аталған жұмыстар Астанада туристік кластерді дамыту аясындағы жұмыстарға қамтылады", - деп нақтылайды министрліктегілер.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны