04.12.2013, 18:45 3851

Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті Қырғыз Республикасынан Ресей Федерациясына есірткі тасымалдайтын трансұлттық арнаның жолын кесті

Жедел-іздестіру шаралар кешенін жүргізу кезінде қазақстандық полицейлер Жамбыл облысы Шу станциясында "Бішкек-Свердловск" бағытындағы жолаушылар поездынан түсіп жатқан жерінен 27 жастағы қырғыз азаматы қолға түсті. Оны тінту кезінде 10 келіден аса героин тәркіленіп алынды.

Алматы. 04 желтоқсан. Kazakhstan today. Ағымдағы жылы 3 желтоқсанында ІІМ-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті Қырғыз Республикасынан Ресей Федерациясына есірткі тасымалдайтын трансұлттық арнаның жолын кесті, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру шаралар кешенін жүргізу кезінде қазақстандық полицейлер Жамбыл облысы Шу станциясында "Бішкек-Свердловск" бағытындағы жолаушылар поездынан түсіп жатқан жерінен 27 жастағы қырғыз азаматы қолға түсті. Оны тінту кезінде 10 келіден аса героин тәркіленіп алынды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті есірткіні Ресейдің Қорған облысынан апарып сатпақ болған.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 259 б. 4 т. (аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз иелену, сақтау және тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жалғасуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны