27.06.2008, 17:47 2919

Есірткінің заңсыз айналымымен күрестегі жетістіктерге қатер төніп тұр - БҰҰ

Есірткінің заңсыз айналымымен күрестегі жетістіктерге қатер төніп тұр - БҰҰ

Алматы. 27 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Апиын көкнәрі мен коки дақылдарының өсу көлемінің күрт артуы және дамушы елдерде нашақорлықтың өсуі салдарынан есірткінің заңсыз айналымымен күресте қол жеткізілген жетістіктерге қатер төніп тұр. Бұл туралы бүгін Нью-Йоркте БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс басқармасының атқарушы директоры Антонио Мария Коста мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасай отырып.

Жаңалықтар орталығының хабарлауынша, БҰҰ басқармасының атқарушы директоры соңғы жылдары есірткіні бақылау саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді деп есептейді. Ол жыл сайын темекі өнімдерін пайдаланудан 5 млн адам, ішімдіктен - 2,5 млн адам, ал тыйым салынған есірткіден - 200 мың адам өлетініне назар аударды.

Сондай-ақ, есірткі туралы баяндамада соңғы бір жыл ішіндегі есірткі ұсынысының жаңа серпінмен ұлғаюы жөніндегі дабыл қағарлық мәліметтер келтірілген. Былтыр Ауғанстанда апиынның рекордтық өнімі жиналды. Соның салдарынан заңсыз апиын өндірісінің көлемі 2005 жылмен салыстырғанда екі еселенді.

Колумбияда да осыған ұқсас жағдай қалыптасқан. Мұнда да коки дақылының көлемі 25 пайызға артқан. Алайда, 2000 жылы тіркелген рекордтық деңгейден 40 пайызға төмен. "Ауғанстандағы секілді Колумбияда да коки өсірілетін жердің негізгі бөлігі содырлардың қолында тұр", - деп мәлімдеді А.М. Коста.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны