22.12.2015, 20:07 3821

Ескерту: Қарағанды облысында қатты боран соғып, көктайғақ болады

23-26 желтоқсан аралығында Қарағанды облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы Қарағанды облысыныӊ ТЖ департаментінен хабарлады

Астана. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - 23-26 желтоқсан аралығында Қарағанды облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы Қарағанды облысыныӊ ТЖ департаментінен хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша 23 желтоқсан күні Қарағанды облысында кей жерлерінде боран соғып, оӊтүстік-батыстан соққан желдіӊ ұйытқуы 15-20 м/с (әсіресе, облыстыӊ солтүстік және батыс аумағында), күндіз барлық аумақта 15-20, екпіні 23 м/с жетпек, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Ал 24-26 желтоқсанда Қарағанды облысыныӊ басым бөлігінде жауын-шашын (жаӊбырға ауысатын жабысқақ қар), кей уақытта боран болады деп күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ (көбінесе оӊтүстік аймақтарда) күтіледі. Оӊтүстік-батыстан соққан желдіӊ күші 15-20, 24 желтоқсанда түнде екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Тұрғындарға сақ болу, ауа райыныӊ өзгерістерін бақылап отыру, балаларды қараусыз қалдырмау, ауа райыныӊ өзгеруіне сәйкес киіну және әсіресе, түнгі уақытта және ауа райы нашарлаған жағдайда алыс жерлерге жолға шықпау туралы ескертіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны