25.01.2010, 17:57 2901

Ethiopian Airlines ұшағының жолаушылары арасында Қазақстан азаматтары жоқ - ҚР СІМ

Ethiopian Airlines ұшағының жолаушылары арасында Қазақстан азаматтары жоқ - ҚР СІМ

Астана. 25 қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін апатқа ұшыраған Ethiopian Airlines ұшағының жолаушылары арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Эфиопия ұшағында Қазақстан азаматтары болған жоқ", - деді ресми өкіл журналистер сауалына берген жауабында.

Бүгін Эфиопияның мемлекеттік Ethiopian Airlines әуекомпаниясының ұшағы Ливан елінің астанасы - Бейрут әуежайынан ұша беріп, бірден теңізге құлады.

Эфиопия астанасы - Аддис-Абебаға бет алған ұшақта 92 адам: 83 жолаушы мен тоғыз экипаж мүшесі болған. 50 жолаушы - ливандықтар. Сондай-ақ, ұшақта Эфиопияның біршама азаматтары болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны