09.10.2008, 18:30 12029

"Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі: табысты мемлекет құруға бірлесе қатысу формуласы" атты дөңгелек үстелге қатысушылар қорытынды ұсыныс қабылдады

"Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі: табысты мемлекет құруға бірлесе қатысу формуласы" атты дөңгелек үстелге қатысушылар қорытынды ұсыныс қабылдады

Астана. 9 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілісте бүгін өткен"Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі: табысты мемлекет құруға бірлесе қатысу формуласы" атты дөңгелек үстелге қатысушылар қорытынды ұсыныс жасады, деп хабарлайды агенттік тілшісі мәжілістің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жасаған Ұсыным тезисі төмендегідей болды:

"Дөңгелек үстелге қатысушылар табысты мемлекет құруда этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің рөлін талқылай келе мемлекеттік ұлттық саясатты одан әрі тиімді іске асыру жөніндегі ортақ пікірге келді.

Қазіргі таңда, әлемдік қоғамдастық елеулі және әрқилы оқиғаларды бастан кешіп отырған кезде, ал тұтастай бірқатар елдердегі этникалық және діни шиеленістер тұрақты қарқынмен дамуға елеулі қатер төндіріп отырған кезде, Қазақстан осы салада туындаған проблемаларды жүйелі түрде шешуге болатынын көрсетіп отыр. Біздің еліміз азаматтық бейбітшілік және татулықтың тиімді үлгісін жасай отырып, оны бір халықтың басқа халыққа басымдық көрсететін бүлдірушілік идеологиясына қарсы қоя білді. Ұлтына және діни сеніміне қарамастан, барлық қазақстандықтардың бір-бірін құрметтеуі және теңдігі, қоғамдық келісімді бұлжытпай нығайту және этносаралық қатынастарды үйлестіру қазақстандық мемлекеттік саясаттың басты артықшылығы болып келді және бола бермек. Біздің еліміздің этносаралық қатынастарды дамытудағы тәжірибесі табысты нәтижесімен ерекшеленді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.И. Назарбаевтың бастамасымен құрылған, этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясаттың іргелі институтына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының әлемде теңдесі жоқ. Қазақстан халқы Ассамблеясының конституциялық мәртебеге ие болуы, Ассамблеядан Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығы және "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Заңды қабылдау жөніндегі аяқталуға жақын жұмыс елеулі оқиғалар болып табылды.

Осының бәрі Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н. Назарбаевтың саясатының, мемлекеттің, азаматтық қоғам институттарының және барлық көп ұлтты халықтың тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап республикада дәйекті жүргізіліп жатқан күнделікті және қажырлы жұмысының нәтижесі.

Сонымен қатар, қазіргі әлемнің даму қарқыны қоғамдық процестердің келбеті мен мәнін шапшаң өзгертуде. Таяу арада біздің еліміз жаңа елеулі алғы шептерге ұмтылып отыр, соның ішінде 2010 жылы ЕЫҚҰ-на төрағалық ететін болады. Сондықтан елді де, қоғамдық қатынастарды да дамытудың жаңа кезеңі этносаралық қатынастарды реттеу мен нығайту саласына, егемен, демократиялық және табысты мемлекет құруға мемлекеттік және қоғамдық институттардың бірлесе қатысу практикасына жаңа қадамдар жасауды талап етеді.

Осыған байланысты, дөңгелек үстелдің қатысушылары:

1. Елдегі және әлемдегі этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісін және демократиялық әрі табысты мемлекет құрудағы оның рөлін кеңінен насихаттауға республиканың бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісі депутаттарының, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің, этномәдени қоғамдық ұйымдардың, азаматтық қоғам институттары өкілдерінің қатысуымен келелі істерді жүйелі түрде жалғастыру;

2. Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев алға қойған жаңа міндеттерге сәйкес ішкі саяси тұрақтылық, ұлтаралық және конфессияаралық келісім сияқты қазақстандық саясаттың дәстүрлі басымдықтарын баянды етумен және насихаттаумен қатар ішкі саяси қызметті жетілдіру саласында оларды әлемдегі құбылмалы саяси жағдайға белсенді түрде бейімдеу;

3. Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаттары мен Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің Қазақстанның 2010 жылы ЕЫҚҰ-на төрағалық ететінін ескере отырып, 2009-2011 жылдарға арналған "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде парламентаралық байланысты тереңдету және Еуропа елдерінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің оң иммиджін нығайту жөніндегі жұмысты жандандыруы.

4. Астана қаласында өткен ЕЫҚҰ Парламенттік Ассамблеясының 17-сессиясында және төртінші сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің екінші сессиясының ашылуы кезінде мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың алға қойған міндеттерін ескере отырып, парламент мәжілісінің депутаттары Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығымен және кеңесімен бірлесіп "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңға Қазақстан халқы Ассамблеясынан Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің он депутатын сайлау тетігін нақтылау бойынша қажетті өзгерістер енгізу жөніндегі келісілген ұсынымдары әзірлеуді жалғастыруы;

5. Этносаралық қатынастарды нығайту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының, Қазақстан халық Ассамблеясы және өңірлердегі ассамблеялар республикалық және жергілікті деңгейлерде бірлескен іс-шараларды әзірлеп, жүзеге асыру практикасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының Ассамблея хатшылығымен және өңірлердегі Қазақстан халқы ассамблеяларымен осы бағытта келісілген іс-қимылдарды әзірлеуді жалғастыруы;

6. Қазақстан халқы Ассамблеясының конституциялық мәртебеге ие болуын және оны алдағы уақытта "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" заң қабылданған кезде, оның шеңберінде заңнамалық деңгейде бекітуді ескере отырып, мәжіліс депутаттары мен Ассамблея мүшелерінің өңірлерде және бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін насихаттау және ақпараттық тұрғыдан қолдау жөніндегі ауқымды жұмысты жандандыруы қажет деп есептейді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың 2009 жылы БҰҰ-ның қамқорлығымен дүниежүзілік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Үшінші съезін өткізу туралы және 2010 жылды Халықаралық мәдениет пен діндерді жақындату жылы деп жариялауы туралы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында ұсынған бастамасын қолдайды және тұтастай мақұлдайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны