15.10.2009, 15:23 2598

ЕурАзЭҚ елдері "ЕурАзЭҚ елдері халықатарының денсаулығы" бағдарламасының тұжырымдамасының жобасын мақұлдады

ЕурАзЭҚ елдері "ЕурАзЭҚ елдері халықатарының денсаулығы" бағдарламасының тұжырымдамасының жобасын мақұлдады

Астана. 15 қазан. Kazakhstan Today - Астанада бүгін Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастығына мүше елдер "ЕурАзЭҚ елдері халықатарының денсаулығы" бағдарламасының мемлекетаралық тұжырымдамасының жобасын мақұлдады. Бұл туралы ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі кеңестің VII мәжілісі барысында мәлім болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Беларусь Республикасының уәкілетті өкілі Людмила Наройчиктің айтуынша, "бағдарламаның басты компоненттеріне мыналар жатады: денсаулық сақтау саласындағы келісілген саясат, соның ішінде денсаулық сақтау саласындағы құқықтық ортаны үйлестіру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық аманшылығы саласындағы келісілген саясат, салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы интеграция".

Л. Наройчиктің айтуынша, бағдарламада "ғылым және кәсіби білікті медициналық және фармацевтикалық мамандарды дайындау саласындағы ынтымақтастықты дамыту" мәселесі де қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны