22.08.2007, 16:48 2762

"Еуразия-2007" IV Халықаралық кинофестивалі байқауының бағдарламасы бекітілді - ХКФ іріктеу комиссиясы

"Еуразия-2007" IV Халықаралық кинофестивалі байқауының бағдарламасы бекітілді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Халықаралық кионфестивалінің іріктеу комиссиясының төрағасы Бауыржан Нөгербек мәлім етті.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 22 - тамыз. АЛМАТЫ. "Еуразия-2007" IV Халықаралық кинофестивалі байқауының бағдарламасы бекітілді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Халықаралық кионфестивалінің іріктеу комиссиясының төрағасы Бауыржан Нөгербек мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Қазіргі уақытта "Еуразия-2007" IV Халықаралық кионфестивалі байқауының қатысатын фильмдер іріктеліп алынған. Біз отыздан астам фильмдерді көріп шықтық, олардың он бесеуі таңдап алынды",- деді Бауыржан Нөгербек.

Оның айтуынша, тізімге Еуропа, Азия және ТМД фильмдері кірген. Атап айтқанда, "Сады осени" (Франция), "Калифорнийская мечта" (Румыния), "Человек-ветер" (Россия), "Будда, который рассыпался от стыда" (Иран), "Ария" (Жапония) және тағы басқалар. "Қазақстан режиссер Рустем Ибдірашевтің "Құрақ көрпе" фильмі мен режиссер Дәрежан Өмірбаевтің "Шұға" фильмдерін ұсынады", - деп қосты комиссия төрағасы.

Халықаралық кионфестивальдің арт-директоры Гүлнәр Ибікеева өз кезегінде, "фильмдерді іріктеудің өзіндік критерийлері бар, бұлар фильмдердің 2006 - 2007 жылдары шыққан болуы, 35-миллиметрлік таспаға түсірілген толық метражды фильм болуы және Еуразия құрлығынан болуы",- деп атап өтті.

Сонымен қатар, оның айтуынша, қазіргі уақыта кинофестивальға қатысатын әлемдік кинематограф жұлдыздарының тізімдері айқындалу үстінде. "Алматыңға келетін басқа да қонақтардың арасында "Одиссей" фильмі арқылы белгілі американдық актер Арманд Ассанте, үнді актрисасы Нандита Дас, тайваньдық режиссер Цай Мин Лян, ирандық актриса Лейла Хатами, аргентиналық режиссер Ариэль Роттер бар".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны